Жаңалықтар

ҚАПЫ ҚАЛМА, ЖАС ТҮЛЕК!

00

Педагогикалық мамандық таңдаған түлектердің арнайы емтиханға қатысуға өтініш жазуына  осы аптада ғана мүмкіндіктері бар.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға өтініш 3 маусымға дейін жалғасады. Ал, 4-14 шілде аралығында арнайы емтихандар ұйымдастырылады. Аталмыш емтихандар түлектің Ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған балына еш әсер етпейді. Мұндағы мақсат – түлектің мамандық таңдаудағы мұратын анықтау. Педагог мамандығы жайлы барлығы 40 сұрақ қойылады. Сонымен қатар, абитуриент берілген педагогикалық жағдаятқа байланысты шешім таба білуі шарт.

Бұл – педагог мамандығының маңызын арттырып, қадірін көтеруге бағытталған шаралардың бірі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button