Анықтама алудың оңтайлы жолы

Bot-пен жұмысты бастау үшін, телефон нөмірін бағдарламаға байланыстыру немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Бұл рәсімді электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде өтуге, болмаса, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-на келуге болады.

Telegram-ның мессенджері нөміріңіз тіркелген смартфоныңызға орнатылып, @EgovKzBot атауын botтың іздеу қызметі арқылы табу керек. Bot-ты іске қосу үшін «Старт» командасын басып, мәзір арқылы телефон нөмірін жіберсе жеткілікті.

Одан кейін, бірқатар мемлекеттік қызметтер мен сервистер қолжетімді болмақ. Наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу үшін ХҚКО-ға жүгінбей-ақ, Telegram @ EgovKzBot немесе Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеу мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні Telegram@EgovKzBot көмегі арқылы анықтаманың 15 түрі қолжетімді. Telegram@EgovKzBot – мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытты үнемдеуге таптырмас мүмкіндік.

Жәлел ШАЛҚАР.