Қамқор пейіл айғағы

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында облыс орталығындағы №65 орта мектепте «Бақытты балалық аумағы» тақырыбымен марафон өткізілді.

Ізгі ниетті ұстанған іс-шара барысында жүрегіне мейірім тұнған, қолы ашық Атымтай азаматтар мектепке балалардың оқуына қажетті құрал-жабдықтар мен тәтті-дәмділерді молынан жеткізді. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік тұрғыда аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына айтарлықтай нақты көмек көрсетілді.

Сөз реті келгенде мейірім акциясы басталғаннан бері 2000-ға жуық жас қарағандылық қамқор пейіл азаматтардың жан шуағын жете сезінгенін атап өткен жөн. Жинақталған оқуға қажетті құралдардың жалпы сомасы 3 млн. теңгеден асып жығылады.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.