Қайырымдылық жәрмеңкесі өтуде

Қарағанды қаласы, Сләмия Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейінде «Шеберлер қаласы» атты қайырымдылық жәрмеңкесі, ғылыми жобалар және робототехника көрмесі өтіп жатыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардан 400 тәрбиеленуші мен 150-ден аса педагогтер және 800 ата-ана қатысуда.

Сонымен қатар , «Жаса Қазақстан!» флешмобын өткізу жоспарлануда.

Іс шара барысында «Қазақтың жүз әні», «100 кітап», «Жүз күй», «Театрландырылған қойылымдар» және «Bukrossing» жобалары да ұсынылмақ.