Абай ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

Елбасы жолдауларында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, бизнеске жол ашу – басты талаптардың бірі.

Осы бағытта Абай ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Жаңа орталық елдің экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатындағы бірқатар міндеттерді іске асыратын болады.

Жаңа құрылымның ашылу салтанатында жұртшылықты құттықтаған аудан әкімі Бауыржан Асанов орталықтың алдағы жұмысына табыс тіледі. Кәсіпкерлер палатасының Абай аудандық филиалының базасында ашылған орталықта тұрақты түрде мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес беріліп қана қоймай, «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді де ұсынатын болады.

Өз тілшімізден.