Бас тақырыпШет

Ақсу-Аюлы ауылында сапаржай ашылды

Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Бұрын аудан орталығында талапқа сай автовокзал болмаған. Билік бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешті. 


Ғимаратты қайта жаңартуға 10 млн теңге жұмсалды. Жергілікті бюджеттен 7 млн теңге бөлінді. Ал, кәсіпкер Қуаныш Хамитұлы 3 млн. теңге қаражатын салды.
Ауыл тұрғындары жолаушылар үшін жасалған жайлылық пен ыңғайлылық үшін алғыстарын айтуда. Жаңартылған автовокзалда билет кассалары мен күту залынан басқа асхана және ана мен бала бөлмесі бар. Үй-жай қазіргі заманғы стандарттар бойынша жабдықталған.
Жөндеу кезінде отандық құрылыс материалдары пайдаланылды.
Аудан әкімі Марат Жандәулетов кәсіпкерлерге инфрақұрылымды жақсартуға үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.
Ақсу-Аюлы ауылынан, тек, облыс орталығына ғана емес, басқа ауылдар мен Балқаш қаласына баруға болады. Аудан басшысының айтуынша, бұл аймақта көлік қатынасы әлі де дамиды. 

Басқа материалдар

Back to top button