Бас тақырып

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жаңа форматта жанданды

Қарағанды қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды. Алғашқы күннің өзінде 654 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Тұтынушылардың 60%-дан астамы алдын ала жазылған, ал, өзгелері кезекті ХҚКО ғимаратында брондаған. 

Өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қаупінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды. Ол бойынша азаматтар ХҚКО-дан, тек, «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

Бұл ретте қызметтер, тек, алдын ала жазылған азаматтарға ғана көрсетіледі. Кезек уақытын  egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

– Алғашқы күні 654 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың көпшілігі көлік құралын сату немесе сатып алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу және әлеуметтік төлемдерге байланысты қызметтер, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Тілеубай Құсайынов.
Оның айтуынша, тұтынушылар белгіленген уақыттан кешікпей келуі керек. Егер, қандай да бір себептермен брондалған уақытқа үлгермей қалса, онда басқа уақытқа жазылуы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button