Жаңалықтар

Үкіметтік комиссия құрамы көпбалалы аналармен кездесті

13 наурыз күні Батыс Қазақстан облысына үкіметтік комиссия жұмыс сапарымен келіп, тұрғындардың әл-ауқатымен танысты. Аймақ тұрғындары негізінен баспана, әлеуметтік қолдау және жәрдемақы тағайындауға қатысты мәселелерді көтерді, – деп хабарлады өңірлік “Мой ГОРОД” басылымы. 

 

ФОТО: zhaikpress.kz

Үкіметтік комиссияның құрамына Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов және “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев енді. 

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, қазіргі таңда үкімет Мемлекет басшысының “Нұр Отан” партиясының съезінде айтқан тапсырмаларын орындау бағытында белсенді жұмыс істеуде. 

  • Біздің, сіздердің облысқа келгендегі мақсатымыз – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Президент бізге үш бағыттағы мәселені шешуді тапсырды. Бірінші бағыт, көмекке мұқтаж, аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру, айлығы төмен жұмыскерлердің еңбекақысын өсіру. Екінші бағыт, баспанамен қамтамасыз ету және білім беру мен медициналық қызметтің сапасын арттыру. Ал, үшінші бағыт, өңірлерді дамыту, жол салу, су тарту және электр энергиясымен қамтамасыз ету, – деді Премьер-Министрдің орынбасары. 

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, бюджеттік салада еңбек ететін, айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы  30% өседі. 

– Бұл санатқа білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлер кіреді. Олар – әдіскерлер, психологтар, тәрбиешілер, слесарлар, сантехниктер, электромонтерлер. Келесі бағыт – АӘК.  Егер, бұрын бұл сома 14 849 теңге болса, енді – 20789 теңге. Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмекті 24480 адам алады, – деп атап өтті  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев. 

Жұмыс тобының мүшелері «Нұр Отан» партиясының «Құтты мекен», «Ауыл – Ел бесігі» және тағы басқа негізгі жобаларына назар аударды. Биыл атаулы әлеуметтік көмекті  830 мыңнан астам адам қамтамасыз етіледі. Мүгедек балаларға арналған жәрдемақы көлемі биылғы 1 сәуірден бстап 30% ға өседі. Бағдарлама 100 мың адамды қамтып, оның жүзеге асуына 2019-2021 жылдарға 300 млрд. тенге бөлінбек.

Басқа материалдар

Back to top button