Қарағанды облысында екі адам суға кетті

Кеше Қ.Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» каналында мұз жарылып, ішінде 4 адамы бар автокөлік суға батты. Оқиға Осакаров ауданы Молодежный кентінен 40 шақырым жерде болды. Екі адам көліктен өздігінен шығып үлгерген.

Бүгін сағат 10:51-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судан 1985 және 1982 жылы дүниеге келген екі азаматтың мәйітін шығарды.

Осыған орай, құтқарушылар тұрғындарға мұз жамылғысының жұқарғанын ескертеді және  барынша сақ болуға шақырады.