Бас тақырыпРесми

Асқар Мамин «Қарағанды ‒ Балқаш» автожолының құрылысын тексерді

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен  Қарағанды облысына келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  өңірлерге жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын тексерді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға баса көңіл бөлді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы «Қарағанды ‒ Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыстарды тексерді. Осы жоба бойынша биыл 40 шақырым жолда қозғалыс ашылады, 2020 жылдың қорытындысымен жол құрылысы толық аяқталады деп жоспарлануда. «Қарағанды ‒ Теміртау» және «Қарағанды ​​айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін тиянақталып, 61 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button