Жаңалықтар
Геннадий Головкин: “Мен оны нокаутпен жеңемін”
Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Жерлесіміз қарсыласын нокаутқа жіберу үшін барын салмақ.
«Мен өз стилімді сақтап қалғым келеді. Ол — big drama show. Егер ол маған бірінші немесе екінші раундтқа қандай да бір мүмкіндік берсе, мен оны нокаутпен жеңемін. Сол сәтті өткізіп алмаңыздар! Қазір менің бар ынта-ықыласым, күш-жігерім Деревянченкомен айқасқа бағытталған”, – дейді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкиннің Сергей Деревянченкомен айқасы 6 қазан күні таңертең Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді.