Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда көктемгі егіс науқаны басталды

Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде  көктемгі егіс жұмыстарының ахуалы сөз болды.

Аймақтағы көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов баяндады. Бүгінде облыстың ауыл шаруашылық ұйымдары көктемгі дала жұмысына кіріскен. Жоспарланған егіс көлемі нақтыланды. Соның нәтижесінде, егіс аумағы өткен жылмен салыстырғанда 57 мың гектарға артық. Ол биыл 967 мың гектар алқапты құрайды деп межеленуде.

– Дәнді және бұршақты дақылдардың алқабы 52 мың гектарға ұлғайып, 885 мың гектарға жетіп отыр. Майлы дақылдар 1200 гектарға артып, 18300 гектарды құрайды. Жемдік азық дақылдар 54 300 гектар, – дейді Сағынжан Апақашов. Сонымен қатар, Нұра, Бұқар жырау, Осакаров аудандары егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлауда.

Жалпы, шаруашылық құрылымдары биыл 9600 гектарға картоп, 1500 гектарға көкөніс өсіруді көздеуде. Орамжапырақ 500 гектарға отырғызылады.

Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 18 мың тонна дизель отынының 12600 тоннасы ендігі шаруашылықтарға берілген екен. Шаруашылықтар тұқыммен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда 7 ауданда дән сіңіру басталды, 38 мың гектарға сән сіңірілді. Басқарма басшысының айтуынша, 25 мамырға дейін бидайды, арпа мен сұлыны 5 маусымға дейін сіңіріп, мәреге жеткізуге толық мүмкіндік бар.

Басқа материалдар

Back to top button