Ресми

Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары аумақтарында карантинді енгізу туралы қаулы

Мен, Қарағанды облысының  Бас мемлекеттік   санитариялық дәрігері Аскаров К.К., Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қарағанды қаласында жаңа COVID-2019 коронавирусынан туындаған инфекция (бұдан әрі – КВИ) оқиғаларының тіркелуі туралы материалдарды қарастырып, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық),  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабының 1 тармағы 13) тармақшасы және 150 бабын, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешімін, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26-ПГВр Қаулысын және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 26 наурыздағы №27- ПГВр Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес, облыста КВИ әкелінуі және таралуын ескерту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының аумақтарында 2020 жылғы 30 наурызда сағат 00.00 бастап карантин режимі кәсіпкерлік және (немесе) басқа қызмет түрлеріне және халықтың тыныс-тіршілігіне ерекше жағдайлар анықтау арқылы енгізілсін.
  2. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының тұрғындары:
  • төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін сақтауды қамтамасыз етсін;
  • азаматтардың үйлерінен шығулары, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сатып алу, жұмысқа шығу және банктік операцияларды жасауды қоспағанда, мейлінше шектеуді;
  • сауда және дәріхана объектілеріне барғанда және қоғамдық көлікті пайдаланғанда, сонымен бірге жұмыс орындарында бір-бірінен екі метрден кем емес арақашықтықты сақтауды;
  • респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (жөтелу, түшкіру, температура) білінгенде медициналық ұйымдарға бармастан, 103 номері арқылы жедел медициналық көмекті шақырту арқылы шұғыл түрде үйдегі медициналық көмекке жүгінуді;
  • көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуға тыйым салынады;
  • кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынсын;
  • 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуларын шектеу ұсынылсын.
  1. Қоғамдық тамақтану саласындағы (фуд-корттар, мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар, кулинария, кофейня, тойхана, банкет залдары, донер, лобби барлар, лаундж барлар, тез тамақтану пункттері және т.б.) кәсіпкерлік субъектілері (объектілері), өнеркәсіптік кәсіпорындарының тамақтану пунктерін қоспағанда, санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейтсін:
  • өзінің жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) тұтынушыға дейін тауардың орап-қапталған түрінде жеткізу, қызметін 22.00-ге дейін шектеу арқылы, жүзеге асыруға;
  • жұмыс кезінде персоналдың бір реттік қолғаптарды және маскаларды (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырып) пайдалануын қамтамасыз ету;
  • жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау және т.б.) көріністері бар персоналдың жұмыс істеуіне  рұқсат етпеу;
  • қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдануды, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
  • жұмыстың әрбір 3 сағатында және жұмыс ауысымы аяқталған соң үй-жайларда желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау салфеткаларымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен)  есік тұтқаларын, тұтқыштарды, үстелдер, орындық арқалығын (кресло шынтақ сүйенішін), эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар, есіктер,  лифтілер, едендер, түскі ас залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне қызмет көрсету сөрелерін және т.б. сүрту арқылы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
  • объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңдеуді;
  • объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыру;
  • әр сағат сайын дәретханаларды арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы жинай отырып, күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу;
  • халыққа қызметті ауысымында кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (аспазшылар, экспедиторлар және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсету қамтамасыз етілсін.
  1. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік субъектілері (ателье, химтазарту, ломбардтар, ақша айырбастау пунктері, банктер, пошта бөлімшелері және басқалары):
  • объектілерге жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау және т.б.) көріністері бар келушілердің кіруіне рұқсат етпеу;
  • объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыруды;
  • халыққа қызмет көрсетуді ауысымына екі реттен кем емес және жыртылған жағдайда ауыстырылуы тиіс бір реттік қолғаптарда жүргізуді;
  • жұмыс кезінде персоналдың бір реттік маскаларды (3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру) пайдалануларын;
  • кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, санитайзерлерде ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдануды, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
  • әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлардың таяныштарын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер және едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да жердің үстіңгі бетін арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізуді;
  • келушілер арасында коронавирустың алдын алу туралы жадынамаларды таратуды қамтамасыз етсін.
  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың субъектілері (объектілері) міндетті түрде:
  • объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыруды;
  • қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнату, санитайзерлерде ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдану;
  • объектіге (өткізу пунктінде) кірген кезде қызметкерлермен қатынасты болдырмайтын термометрді (пирометрлерді) пайдалану;
  • вирустық инфекциямен (жөтелдің, тұмаудың, жоғары температураның болуы) ауруына күдікті адамдар анықталған кезде объектіге баруына рұқсат етпеу;
  • вирустық инфекция көріністері бар адамдарды уақытша оқшаулау үшін оқшаулау орнын қарастыру;
  • әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен турникеттерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, баспалдақтардың сүйеніштерін және жалпы пайдаланымдағы басқа да үстіңгі бетті өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимі;
  • дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау режимінің сақталуын қамтамасыз ету (күніне 3 реттен кем емес ылғалды жинау жүргізу);
  • үй-жайларды үнемі желдетуді, қажет болған жағдайда бактерицидті шамдардың көмегімен үй-жайлардың ауасын зарарсыздандыруды жүргізу;
  • ауысым соңында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, барлық үй-жайларды күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу;
  • объектіге кіретін және шығатын жерлердегі аумақты ауысымына кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуді;
  • тамақтану пунктерінде келесі шаралар:
  • өзіне қызмет етуге тыйым салуды;
  • жұмыс кезінде персоналдың бір реттік қолғаптарды және маскаларды (3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру) пайдалануды;
  • объектілерге жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау және т.б.) көріністері бар персоналдың жұмыс істеуіне рұқсат етпеу;
  • қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнату, санитайзерлерде ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдану, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
  • жұмыстың әрбір 3 сағатында және жұмыс ауысымы аяқталған соң үй-жайларда желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау салфеткаларымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) есік тұтқаларын, тұтқыштарды, үстелдер, орындық арқалығын (кресло шынтақ сүйенішін), эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар, есіктер,  лифтілер, едендер, түскі ас залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне қызмет көрсету сөрелерін және т.б. сүрту арқылы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
  • объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңдеуді;
  • объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыру;
  • әр сағат сайын дәретханаларды арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы жинай отырып, күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізуді қамтамасыз етсін.
  1. Барлық меншік түріндегі ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары:
  • жұмыс күнін 2 сағатқа қысқарту ұсынылсын;
  • қызметшілерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруды жұмыс орындарын сақталуын қамтамасыз ету және ақылы демалыстарды беру мәселесін қарастыруды;
  • өздерінің қызметкерлері және клиенттердің қауіпсіздіктері, келесі шараларды қолдану арқылы:
  • қызметшілерге қолғаптар және бір реттік маскаларды тарату;
  • үй-жайларын күніне 2 реттен кем емес ылғалды жинау және дезинфекциялау;
  • дүкендер, дәріханалар, медициналық мекемелер және басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерінде санитайзерлердің орнатылуын;
  • үй-жайлары ішінде – 20 шаршы метрге 1 адамнан асырмай адамдар санының шектелуін қатаң сақтауды;
  • үй жанындағы азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға бір уақытта – 2 адамнан аспай кірулері;
  • үй-жайлары ішінде және сырттарында кезекте 5 адамға дейін шектелуін бақылауды қамтамасыз етсін.
  1. Қарағанды бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, санитариялық-өткізу пункті бөлімі (бұдан әрі – СӨПБ), аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары (келісім бойынша):
  • шетелден келетін барлық адамдарға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсерік, жүргізуші, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
  • халықаралық әуежайларда, теміржол көлігі және автоөткелдерінде жолаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер, машинистер және жолсеріктерге термометрия жасау арқылы сауалнама жүргізуді, оларда жөтел, тұмау, жоғары температура болған жағдайда – КВИ тестілеу жүргізілуін;
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып бекітілген нысанға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде сауалнаманы тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді;
  • санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарының тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып жеке қорғаныш құралдарымен (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы костюмдері) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;
  • көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар және жолаушылар арасында COVID-19 таралуының профилактикасы және ескерту бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
  1. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшылары:
  • COVID-19-бен науқастарды анықтау:
  • үй ошақтарында және жұмыс, оқу орыны, бортты келу рейсын көрсету арқылы жақын қарым-қатынасты (ЖҚ);
  • басқа ошақтар, болу орыны (жұмыс, оқу және басқа) және бортты келу рейсын көрсету арқылы ықтимал қарым-қатынасты (ЫҚ) анықтауды;
  • COVID-19-бен науқастардың ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) шаралардың жүргізілуін;
  • тосқауыл бекеттерінде қатынассыз термометрия және Қарағанды қ. келетін және шығатын адамдарға сауалнама жүргізу, күн сайын мәліметтерді Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (бұдан әрі – Департамент) ұсыну арқылы қамтамасыз етсін.
  1. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының әкімдері:
  • Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штаб шешімдерін орындауды;
  • қала карантиніне жұмылдырылған барлық қызметтердің шектеу шараларын жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздіктері режимін, оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті заттармен әрі азық-түлікпен жабдықталуын және жеке басы тазалықтарын сақтау және тосқауыл бекеттерінде шығатын автокөліктерді дезинфекциялық өңдеуді;
  • карантин аймағы периметрін және оған кіру/шығу пункттерін анықтауды қамтамасыз етсін.
  1. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар келесілердің енгізілуін және орындалуын бақылауды:
  • мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қызметшілердің жеке қатысуларымен азаматтарды жеке қабылдауларын, жиналыс, семинарлар және т.б., шұғыл шешімдерді қабылдауды талап етуші жағдайларды қоспағанда, өткізулеріне тыйым салуды;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық жедел көмек көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;
  • бұқаралық іс-шараларды (отбасылық, естелік, мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;
  • көлемі 2000 ш.м. кем емес ірі сауда объектілерінің (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, гипермаркеттер) жұмысын уақытша тоқтатуды. Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сататын объектілер күнделікті режимде жұмыс жасауды;
  • Токио-2020, Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, аудан көлеміне қарамастан азық-түлік емес сауда базарлары (олардың көлеміне қарамастан сауда базарлары, дүкендер, бутиктер, салондар және т.б.), барлық түрдегі және типтегі балаларға арналған мектепалды мекемелер, балалар орталықтары, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), парктер, саябақтар, балалардың ойын алаңдары, адамдар жаппай жиналатын басқа да ойын-сауық объектілері, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, букмекерлік объектілер (конторалар, клубтар және басқасы), бильярдтар, боулинг-орталықтары және клубтары, СПА, сән салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, солярийлер және басқалары, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар және басқалары) қызметін тоқтата тұруды;
  • медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды;
  • медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын;
  • барлық әкімшілік ғимараттарда, адамдар көп жиналатын объектілерде, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, моншаларда, авто және теміржол вокзалдарында, әуежайларда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (ғимараттарға (үй-жайларына) кіреберісте дезинфекциялау барьерлерін,  қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету);
  • әрбір рейстің (айналым) алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерін, олардың таяныштарын қоса алғанда, көшедегі спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, жаппа орындарын, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды, қоғамдық пайдалану орындарын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
  • жерүсті қоғамдық жаяу жүргіншілер жолдары, жаяу жүргіншілер жолдарын, саябақтар, алаңдар, теміржолдар және автовокзалдар маңы аумақтарында, автомобиль жолдары және базарлардың аумақтары маңын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
  • COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды;
  • бизнес-орталықтарының жұмыстары сағат 10.00 бастап сағ. 15.00-ге дейін шектей отырып, оларда орналасқан қоғамдық тамақтану пунктерін тоқтату арқылы қамтамасыз етсін.
  1. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының әкімдері, кәсіпкерлік субъектілері:
  • алаң көлемі 2000 ш.м. кем азық-түлік сауда объектілерінің жұмыс уақытын сағат 08:00 бастап сағат 22:00-ге дейін шектей отырып, санитариялық және дезинфекциялау шараларын күшейте отырып функцияларын толық орындауды;
  • Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Жарлығы және Қаулыларын мүлтіксіз орындалуын;
  • барлық сауда объектілерінде міндетті түрде келесі талаптарды сақтау қажет:
  • келушілер ағымын объектіге кіргенде және шыққанда шектеуді;
  • ғимараттарға (бутиктер, үй-жайларына және т.б.) кіргенде дезинфекциялық барьерлердің (кілемше) орнатылуын, оның шашу әдісімен дезинфекциялау құралдарымен үнемі сулануын;
  • кезектердің 5 адамнан астам болуына жол бермеуді;
  • келушілер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықтың сақталуын;
  • персоналмен жұмыс кезінде бір реттік маскаларды (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру) пайдалануды;
  • азық-түлік өнімдерінің, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек қана өлшеп-оралған түрде сатылуын;
  • сатып алушыларға қолжетімді бөлке-нан, кондитерлік және басқа да өнімдердің тек қана өлшеп-оралған түрде сатылуын;
  • әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, эскалаторлардың таяныштарын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер және едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да беттерді арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимі енгізілсін;
  • объектілерде тұрақты түрде желдетуді жүргізе отырып, ағынды-тартқыш құрылғыларын дезинфекциялауды, ауаны сырттан алу арқылы үй-жайлары ауасын сүзгіден өткізу және желдетудің көбейтілуін; әр сатып алушыдан кейін дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы арбалар, себеттердің («шартты кір» аймақта, өңделген соң олар «таза аймаққа» ауыстырылып) өңделуін;
  • жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау) көріністері бар персоналға жұмысқа рұқсат етпеу;
  • кіреберісте және сауда залында қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттардың қолданылуын, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін; касса аумағында – қолды өңдеу үшін құрамында спирті бар сауыттың (пульверизатор) орнатылуын;
  • персоналға жинауға арналған бір реттік қолғаптардың, маскалардың берілуін және уақтылы ауыстырылуын;
  • объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңделуін;
  • келушілерге арналған коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалардың таратылуын;
  • коронавирустың профилактикасы және объектіде қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараттарды аудио- және бейнежазу құралдарының көмегімен трансляциялауды;
  • сауда объектілерінде жоғарыда аталған тармақтардың сақталуын қамтамасыз етуші жауапты қызметшілерді бекітуді;
  • турларды ұйымдастырушылар (туристік фирмалардың мамандары) мен саяхатшылар (медициналық, жеке және бизнес туризмі) арасында COVID-19 таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша нұсқама және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
  1. Қарағанды облысының полиция департаменті (Файзуллин Е.Ж.):
  • COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;
  • COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды;
  • азаматтармен үй карантині режимін көшеге шығу құқығынсыз, ұялы байланысы құралдары арқылы тексере отырып бақылауды;
  • облыс әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штаб ұсынысы бойынша науқастар және қатынаста болған адамдар тұратын тұрғын-үй кварталдарын тосқауыл қоюды;
  • Департаменттің және/немесе аумақтық ТКҚСҚББ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 науқастарымен байланыстағыларды іздеуді;
  • Департаменттің және/немесе аумақтық ТКҚСҚББ ұсынымдарына сәйкес байланыста болған адамдарды провизорлық және карантиндік стационарларда оқшаулауды;
  • респираторлық инфекцияларының көріністері бар адамдар анықталғанда аумақтық ТКҚСҚББ тәулік бойы телефондары арқылы шұғыл түрде ақпараттауды;
  • провизорлық және карантиндік стационарларды оқшаулау және қорғаудың күшейтілуін;
  1. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (Нурлыбаев Е.Ш.):
  • провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелерде жұмыс істейтін медициналық қызметшілердің және қызмет көрсетуші персоналдың жеке қатысуларымен қандай да болмасын жиналыстар, семинарлар және т.б. өткізулеріне тыйым салуды;
  • COVID-19 бойынша анықталған науқастарды және жақын байланыста болған адамдарды инфекциялық стационарларға шұғыл оқшаулауды;
  • COVID-19-ға клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында ішкі карантин аймақтарын бөлек тексеруді;
  • «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ (Досмагамбетова Р.С.) бірлесе отырып медициналық ЖОО-ның жоғары курс, резидентура және интернатура студенттерін ерікті негізде (волонтер) тартылуын;
  • ішкі карантинге жатқызылған (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантині және өзін-өзі оқшаулау) қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беруді;
  • аумақтық ТКҚСҚББ науқастарды және байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу туралы шұғыл түрде ақпараттау;
  • Департаментке 2 сағат ішінде науқастарды және байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу туралы мәліметтердің (аты-жөндерін, медициналық ұйымдар бойынша) ұсынылуын;
  • COVID-19-ға оң нәтиже берген адамдар ауруханаға жатқызылған стационарлардағы медицина қызметкерлерін және қызмет көрсетуші персоналды 14 күнде бір рет зертханалық тексерілуін;
  • COVID-19-ға оң нәтиже берген адамдар және байланыста болғандар жатқызылған стационарларда медициналық қызметкерлердің және қызмет етуші персоналдың жиналыстарға, семинарларға және т.б. қатысуларына тыйым салуды;
  • тосқауыл бекеттерінде Қарағанды қаласына/нан келетін және шығатын адамдарға қатынассыз термометрия және сауалнама жүргізілуі, Департаментке мәліметтерді күн сайын беру арқылы жүргізуді;
  • провизорлық және карантиндік бөлімшелер орналасқан типтік емес объектілерде медперсоналға санитариялық-тұрмыстық жағдайлардың, санитариялық тораптар болмаған жағдайда биодәретханалар қарастырылуын;
  • провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелер (ауруханалар) аумақтарынан шығатын автомобиль көліктерінің дезинфекциялық өңделуін;
  • науқастарға арналған тамақ өнімдерінің бір реттік контейнерлерде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
  1. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қарағанды облысының полиция департаменті, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:
  • облысқа кірер автомобиль жолдарында санитариялық бекеттерді ұйымдастыру және тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, температурасы бар адамдарды анықтау үшін тепловизорларды қолдану және оларды оқшаулауды;
  • емделуден және медициналық бақылаудан бас тартатын науқастарды және байланыста болған адамдарды іздеу шараларын қамтамасыз етсін.
  1. Барлық жеке меншік түріндегі медициналық ұйымдардың басшылары:
  • провизорлық, инфекциялық және карантиндік стационарларда COVID-19 медициналық көмек көрсетуге тартылған медициналық қызметкерлердің жұмыс ауысымын 6 сағатқа дейін қысқартуды;
  • карантин кезінде МСАК бекітілген тұрғындардың (науқастардың диспансерге алынуы, профилактикалық тексерулер және иммундауды, флюорографиялық тексерулер жүргізу, денсаулық және босануға дайындық мектептерін жүргізу, скринингтік тексерулерді жүргізуді уақытша тоқтатуды) келуін шектеу;
  • ЖРВИ және тұмау белгілері кезінде жүкті әйелдерге және балаларға алғашқы кезектегі және күн сайынғы бақылауды қамтамасыз етсін;
  • шектеу шаралары бойынша ақпараттық-түсінік беру жұмыстарын белсенді жүргізуді;
  • медициналық ұйымдардағы сүзгілер және оқшаулағыштардың жұмыстарын қатаң бақылауға алсын;
  • COVID-19 күдікті жағдай кезінде іс-қимыл жоспары іске қосылсын, COVID-19 күдікті науқасты тексеру, тасымалдау, ошақта жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және қызмет көрсетумен байланысты медициналық қызметкерлер және персоналдың қорғау деңгейі жоғары маскалар немесе респираторларын пайдалануларын;
  • тамақ өнімдеріне арналған орама ыдыстарын дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы өңделуін қамтамасыз етсін.
  1. Жеке меншік клиникаларының, стоматология, УДЗ, офтальмология кабинеттері және т.б. басшылары:
  • объектіге кіргенде (өткізу пунктінде) қатынассыз термометрия (пирометрлерді) қолдану арқылы пациенттерге, қызметкерлерге термометрия жүргізуді;
  • объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыру;
  • әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, баспалдақтар, есіктер, едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да беттерді арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізуді;
  • объектілерде тұрақты түрде желдету, әр пациенттен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы медициналық құрал-жабдықтардың («шартты лас» аймақта, өңдеуден кейін «таза аймаққа» ауыстырылып) өңделуі;
  • жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау) көріністері бар персоналды жұмыс істеуіне рұқсат бермеуді;
  • кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттардың қолданылуын, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
  • жинау жұмыстарымен айналысатын персоналға бір реттік қолғаптардың, маскалардың берілуін және уақтылы ауыстырылуын;
  • объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңделуін;
  • келушілерге арналған коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалардың таратылуын;
  • коронавирустың профилактикасы және объектіде қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараттарды аудио- және бейнежазу құралдарының көмегімен трансляциялауды;
  • сауда объектілерінде жоғарыда аталған тармақтардың сақталуын қамтамасыз етуші жауапты қызметшілерді бекітуді;
  • COVID-19-дың таралуының профилактикасы және ескерту бойынша қызметкерлер арасында нұсқаулық беру және түсіндіру жұмыстарын өткізуді;
  • қабылдау тек қана алдын ала жазылу арқылы жүргізілуін қамтамасыз етсін.  
  1. «Облыста коронавирустық инфекциясының әкелінуі және таралуын ескерту бойынша алдағы шаралар туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №6 қаулысымен анықталған шаралар Қарағанды облысының барлық аумағына, Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларын қоспағанда, қатысты деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

             Қарағанды облысының

             Бас мемлекеттік

             санитариялық дәрігері                                                  К.К. Аскаров

Басқа материалдар

Back to top button