Жаңалықтар

1 мамыр мерекесіне орай қандай онлайн-концерттер өтеді?

1 мамырда Қарағандыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Оны келесі сілтеме бойынша YouTube-арнасында көруге және тыңдауға болады: youtu.be/twM4VhIQvF0 және Instagram @ karfil.kz. Басталуы сағат – 15.00.

Академиялық музыканы бағалаушылар үшін 2 мамырда симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Басталуы сағат 15.00-де.
Ал 3 мамыр күні сағат 12.00-де джаз оркестрінің виртуозды ойынын тамашалауға болады.

1 мамыр күні «Ынтымақ мекені» атты онлайн-концертті Нұр-Сұлтан мемлекеттік академиялық филармониясы өткізеді. Музыкалық кешті филармонияның YouTube арнасынан және Instagram-да @astana_filarmoniya және Facebook-те @astana.filarmoniya парақшаларынан көруге және тыңдауға болады. Басталуы 18.00.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Парвиз Назаров пен Әли Оқапов қатысатын Live-концерт Almaty Creative YouTube-арнасында өтеді. Басталуы сағат 20.30.

Басқа материалдар

Back to top button