Өзіңізді серозды менингиттен қалай қорғауға болады?
Шахтинск өңірінде 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде серозды менингитпен сырқаттанушылық тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңінде серозды менингиттің 2 жағдайы тіркелген болатын.
Серозды менингит – бұл ми қабығының зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғыштары-вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар. Вирустар 80% жағдайда жетекші рөл атқарады. Бұл аурумен 3-6 жас аралығындағы 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Менингококкты менингиттен айырмашылығы, серозды менингит жеңілдеу болады және ауыр асқынулар болмайды, салдарсыз өтеді, толық қалпына келіп емделумен аяқталады.
Инфекция науқаспен немесе инфекцияны тасымалдаушымен тығыз байланыста болған кезде су, тамақ, ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауру маусымдық сипатқа ие, ауру көктем – жаз және жаз-күз мезгілдерінде тіркеледі.
Инфекция жұқтырылады:
- шомылуға рұқсат етілмеген ашық су айдындарында шомылғанда суды жұту кезінде;
- азық – түлік арқылы: нашар жуылған көкөністер мен жемістерді, шөптерді тамаққа тұтынған кезде;
- жөтелгенде және түшкіргенде сілекей мен қақырықтың ең кішкентай тамшылары арқылы;
- жеке гигиена ережелерін сақтамаған кезде лас қолдар арқылы.
Инфекция қалай білінеді?
Ауру температураның 38-40 градусқа дейін көтерілуінен басталады, әлсіздік, бас ауруы, іштің өтуі мүмкін. Аурудың ауыр ағымында құрысулар болуы мүмкін. Егер бұл шағымдар пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек; бәрі өтеді деп үміттеніп күтпеңіз; өзіңізді-өзінің емдеуге тырыспаңыз.
Алдын алу шаралары:
- ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;
- әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз;
- жемістер мен көкөністерді жемес бұрын оларды щеткамен мұқият жуып содан кейін қайнап тұрған сумен шаю керек;
- тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, шомылу кезінде суды жұтпаңыз;
- сауда үшін белгіленбеген орындарда сауда жасап тұрған жеке тұлғалардан тамақ өнімдерін алмаңыз;
- ыдыс-аяқ пен тамақ өнімдерін тазалықта ұстаңыз.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі қарапайым алдын-алу шараларын сақтай отырып, алдын-алу оңай!
Г. ЖҰМАҒҰЛОВА,
Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының орынбасары