Жаңалықтар

«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»

Мектепте жүргізіліп отырған «Өзін – өзі» тану пәні оқушылардың қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға, мақсатына жете алатындығын ұғындыруға, түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді. Ғалым Әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін білу қиын. Ақжан атамыздың «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деген сөзінің мағынасы осында жатса керек.

Ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар – ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағыт – ұлттық құндылықтарды дәріптеу болуы қажет. Адам мінезінің өзгеретіндігін жас ұрпақ «Өзін-өзі тану» пәні арқылы үйренетіні сөзсіз.

Шану КАНТОРБАЕВА,

№6 жалпы білім беретін

мектептің директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button