Жаңалықтар

Жолаушылар автобуспен жүрген әкімді видеоға түсіріп алды (видео)

Бұрнағы күні Қарағандылықтар қала әкімі Нұрлан Әубакіровты 118-бағыттағы автобустан көріп, видеоға түсіріп алды.

 

Нұрлан Әубакіров таңертеңгілік “Сортировка” шағын ауданынан 118-автобусқа мініп, “Оңтүстік-шығыс” автостанциясы” аялдамасына дейін барған.  

Айта кету керек, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қоластындағы шенеуніктерге аптасына кем дегенде бір мәрте автобусқа мініп, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылауды тапсырған болатын.

 

Басқа материалдар

Back to top button