Жаңалықтар

Жезқазған бағытындағы пойыздың уақыты өзгерді

Бұдан былай Жезқазғанға «Астана-Жезқазған» бағытындағы жолаушылар пойызы қатынайтын болады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.

27 қаңтардан бастап Қарағанды-Жезқазған бағытындағы 610ц пойызының, 28 қаңтардан бастап Жезқазған-Қарағанды бағытындағы 609ц пойызының бағыты жабылады. Енді облыс орталығына күнделікті қатынайтын Астана-Жезқазған 108Ц пойызы жүреді. Пойыз Қарағандыдан кешкі 20.32-де жөнелтілсе, Жезқазғанға таңертеңгі сағат 8.05 шамасында жетеді.

Сондай-ақ, жолаушылар 066ц Астана-Жезқазған пойызымен де қатынай алады. Бұл пойыз «жұп сандар» күні Қарағандыдан түнгі 2.58-де жолға шықса, Жезқазғанға 10.30-да келіп тоқтайды. Ал, «тақ сандар» күні 118ц Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезымен жетіп қалуға болады. Ол Қарағандыдан таңғы 4.50 шамасында жүрсе, Жезқазғанға түскі 13.48-де келеді.

Жезқазғаннан Қарағандыға күн сайын 107ц Жезқазған-Астана пойызы (20.25-те шығып, 7.06-да Қарағандыға келу) қатынайды. Сонымен қатар,  065ц Жезқазған-Астана пойызы «тақ сандар» күні түскі 12.35-те шығып, кешкі 21.02-де Қарағандыға келіп тоқтайды. 117х Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойыз тек «тақ сандар» күні жүретін болады. Жезқазғаннан түстен кейін сағат 16.50-де жөнелтілсе, Қарағандыға түнгі сағат 1.56 шамасында келмек.

Басқа материалдар

Back to top button