Ресми

Жетістік серпіні – елдің сенімі

Өткен жыл облысымыздағы энергетика және тұрғын үй секторы үшін маңызды жыл болды. Толығырақ тоқталайық.

Сурет: сайт мұрағатынан

Жылумен жабдықтау

2023 жылы бюджеттік қаржыландыру шеңберінде 32,3 млрд. теңге сомасына 16 жоба іске асырылды, ұзындығы 21,5 шақырым жылу желілерін салу және қайта құру бойынша жұмыстар сәтімен орындалды. Облыс орталығында М10 жылу магистралінің учаскесін және қаланың 21 шағын ауданында магистральдық жылу желісін қайта құру жұмыстары аяқталды.

Теміртау қаласында қаланың негізгі жылу магистральдарын қайта құру және күрделі жөндеу бойынша 6 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Ал, Балқаш қаласы бойынша ұзындығы 1,2 шақырымдық қаланың негізгі жылу магистральдарының учаскесін қайта құру бойынша жұмыстар орындалды.

Жалпы, жүргізіліп жатқан кешенді жұмыс облыс өңірлерінің тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға, сондай-ақ, жылу желілерінің тозуын төмендетуге соны мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Ауылды сумен қамту

Облыста жалпы халық саны 216 528 адамды құрайтын барлығы 345 ауылдық елдімекен бар. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен ауылдық жерлердегі халықтың 93,6% немесе 228 ауыл қамтылған. 117 ауылда ауыз суға қолжетімділік бар, алайда орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ. Оның ішінде, 5 ауыл тасымалданған суды пайдаланады.

2023 жылы ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау бойынша 31 жобаны іске асыруға 10,9 млрд. теңге бөлінді. Су желілерінің 342,2 шақырымы салынып, қайта жаңартылды.

Жыл қорытындысы бойынша ауыл халқының ауыз суға 93,6%-дық көрсеткішіне қол жеткізілді. Ауыл тұрғындарын сапалы сумен жабдықтауға қолжетімділікті 100% қамту 2025 жылдың соңына дейін жеткізу жоспарлануда.

Енді суды тазартудың кешенді блок-модульдерін (КБМ) орнатуға келетін болсақ. Біздің облыс бойынша мұндай ауылдар – 93. Біз КБМ ауылдарын қамтамасыз етудің ауа райы жоспарын әзірледік, 1 қондырғының болжамды құны 30-50 млн.теңгені құрайды. Өткен жылы Нұра ауданында 2 КБМ орнатылды.

 

Шаһарды сумен қамту

Қалаларда сумен жабдықтау желі­лерінің ұзындығы – 2 513,37 шақырымды құраса, тозуы – 65,6%. Сумен жабдықтау қызметтеріне 912 238 адам немесе 98,8% қол жеткізе алады.

2023 жылы барлық көздерден 7 жобаны іске асыруға 3,9 млрд. теңге көзделген. Бөлінген қаражатқа 78,4 шақырым желі салынып, қайта жаңартылды. Жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 98,8%-ға дейін ұлғайтылды. 100% қолжетімділігі жоқ бұл Қарағанды – 99%, Балқаш – 98,4%, Теміртау – 95,7% қалалары.

 

Газдандыру

2023 жылға газбен жабдықтау жобалары бойынша бюджеттен 6 млрд.теңге бөлінді. Қарағанды мен Теміртауда 3 іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша газ тарату желілері 2966 үйге жеткізілді. Есепті күнге Қарағанды, Теміртау қалалары бойынша салынған газ тарату желілері 8 530 жеке тұрғын үйге тартылды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғалар үшін 3 603 техникалық шарт берілді. Газбен жабдықтауға 2 918 үй қосылған.

2023 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту орталығына жеке тұрғын үйлерді газға қосу бойынша 320 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 300 шарт жасалды (Қарағанды – 233, Теміртау – 67). Бүгінгі таңда жұмыстар толық аяқталды.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Облыста 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы жұмыс істемейтін лифтілер – 203, бүгінгі таңда – 161. 2023 жылы жалпы сомасы 626,4 млн. теңгеге 42 лифт қалпына келтірілді.

2023 жылы бірыңғай сәулеттік көрініс беру аясында 35 үйдің шатырлары мен қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Ипотекалық несиелеу

2023 жылы облыстық бюджеттен жеңілдетілген тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыруға «Qarmet» АҚ (1 млрд. теңге) және «Шұбаркөл Көмір» АҚ (400 млн. теңге) қызметкерлері үшін 1 млрд. 400 млн. теңге бөлінді.

«Отбасы банк» АҚ 800 млн.теңге бөлді. Бүгінгі таңда «Qarmet» кампания­сының 94 қызметкеріне жалпы сомасы 1 млрд. 475 млн. 649 мың теңгеге несие берілді, оның ішінде, кеншілер – 45. Сондай-ақ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 59 қызметкеріне жалпы сомасы 1 млрд. 90 млн. 29 мың теңгеге несие берілді.

Ербол ТӨЛЕУОВ,
облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button