Жаңалықтар

Әжетханасы сыртта орналасқан мектептердің мәселесі қашан шешіледі?

Бүгінде елде әжетханасы сыртта орналасқан мектептер бар. Жыл соңына дейін осы мектептердің мәселесі шешілетін болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Бүгінде сырттағы мектеп әжетханаларын ішке кіргізу жұмысы жалғасып жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша елімізде 30-ға жуық мектептің әжетханасы далада орналасқан. Осы орайда биыл барлық мектептің әжетханасын ішке көшіруді аяқтаймыз. Бұл мәселе бақылауда болады, – деді Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап беріп.

Сонымен қатар, ведомство басшысының мәлімдеуінше, елдегі барлық мектеп бейнебақылау камерасымен толық қамтылатынын баса айтты. +

– Қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бейнебақылау камераларының жұмысын қадағалау, материалдарды алу және зерттеу бойынша бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамту мақсатында мектеп күзетіне ерекше мән берілген. Яғни кәсіби күзетке ауыстырып жатырмыз. Аталған мәселе бойынша жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жыл соңына дейін кәсіби күзет, турникет және дабыл түймесін орнату толық шешімін таппақ, – дейді ол.

Басқа материалдар

Back to top button