Бас тақырып

Жетекші энергия көзі

Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет еткендіктен энергия көздерін зерттеу бүгінде маңызды бола түсуде. Ғылымның дамуымен қатар су электр станциялары мен жылу электр станцияларының, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі электр энергиясын өндіруде күннен-күнге артып келеді. Жылу электр станцияларында энергия көмір немесе газ есебінен өндіріледі. Мұндай энергия өндірісінің шикізат бағасы күн сайын өсіп келеді. Ал, атом электр станциясы (АЭС) отын ретінде өте аз мөлшерде уранды пайдаланып, өте көп мөлшерде энергия өндіреді.

Сурет: kstnews.kz

Көптеген елдерде атом электр станция­лары өнеркәсіптік және тұтынушылық мақсатта қолданылатын электр энергия­сымен қамтамасыз ететін негізгі көздердің бірі болып табылады. Бастапқыда баламалы энергия көзі болып есептелген ядролық энергия тез арада әлемдегі жетекші энергия көздерінің біріне айналып үлгерді.

Барлық қауіпті ескере отырып, қазіргі уақытта дамыған елдерде болып жатқандай өндіріс секторларын және электр энергиясына деген жалпы қажеттіліктерді қанағаттандыруда ядролық энергетика елдің экономикасына оң әсер ететін энергия көзі ретінде есептеуге болады.

Ядролық қалдықтар және сол сияқты зиянды факторлар барынша ескерілген жағдайдың өзінде АЭС-тердің қоршаған ортаға келтірген залалы өте төмен екендігін айта кету керек. Қазіргі уақытта АЭС-тің негізгі бәсекелесі жылу электр станциясы болғандықтан, сонымен салыстыру орынды деп есептеледі. Атом электр станциясында ауаға бөлінетін зиянды заттар мүлдем жоқ. Сонымен қатар, кейбір атом электр станциялары қаланы ыстық су және жылумен қамтамасыз ету арқылы артылып қалған жылу шығынын тиімді бағытта қолданады.

Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының құнындағы артықшылық өзіне ерекше назар аудартады. Қазақстан – уранға өте бай ел. Соңғы он бір жылда уран өндірісінде әлемде бірінші болса, уран қоры бойынша әлемде екінші орын алады.

Еркін Жетпісбаев,
Сұлтанмахмұт атындағы қазақ тірек мектебінің директоры
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button