Спорт

Жерлестер жеңіс тұғырында

Ақтауда дзюдодан халықаралық Ашық Азия Кубогы өтіп, қарағандылық спортшылар 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. 9 елден келген 250-ге жуық татами шеберлері қатысқан байрақты бәсекенің бас төрешісі – Азия дзюдо одағының директоры Осако Акинобу.

Турнирге облыс атынан тоғыз спортшы қатысып, олардың үшеуі жүлдегер атанды.

 

60 келіде белдескен Алдияр Қарағұлов турнирдің жеңімпазы атанып, алтынмен апталса, қола медальға 73 және 90 келіде өнер көрсеткен Дастан Жұмажан мен Ұлан Әлтаев қол жеткізген.

– Дзюдомен шамамен 10 жыл бойы айналысамын. Қазір Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв колледжінде үшінші курста оқып жүрмін. Турнирдегі қарсыластардың барлығы лайықты болды. Менің жеңісім – қиын жаттығулар мен жаттықтырушылардың менің шыңдалуыма жұмсаған еңбегінің нәтижесі. Бұл менің алғашқы жаттықтырушым Ерлік Биғашев пен қазіргі бапкерім Андрей Гуденоктың ерен еңбегінің арқасында келген жеңіс. Болашақта Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы болуды армандаймын, – дейді турнирде 4 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан 19 жастағы жас балуан Алдияр Қарағұлов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button