Жерлестер – жеңімпаз

    Қарағандылық оқушылар Ресейде өткен роботты техника жарысынан жеңіспен оралды.

Ресей Федерациясының Томск қаласында өткен жарыста әр елден қатысқан 200-ден астам оқушы өзара бақ сынаған. Қазақстан бойынша Қарағанды және Павлодар облыстарының командалары қа­тысты. Роботты техниканы жетік мең­герген оқушыларға берілетін Томск губернаторының кубогіне ар­нал­ған тартысты дода 10 аталым бойынша ұйымдастырылды.

Қарағанды облысынан 4 коман­да қатысып, «Дарын» маманданды­рылған мектеп-интернатының оқу­шылары «Кегелринг» аталымында І орынға ие болса, «Роботтар биі» сайысында ІІІ орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, №1 қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары «Сумо» категориясында ІІ орынды жеңіп алды. Ал №3 қазақ-түрік лицей-интернатының командасы «Туды алу» бойынша ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, дипломмен және «Lego» сыйлықтармен марапатталды.

Айта кеткен жөн, облыс коман­дасы бұған дейін Санкт-Пе­­тербург­те өткен «Робофинист – 2015», Ас­танадағы «Kaz­ro­botix – 2016», Қа­рағандыда өт­кен «Roboland – 2016» халық­ара­лық жарыстарының же­­ңімпазы атанған. Жақында Алматы қала­сында ғы­лыми-техникалық шы­ғар­машы­лықтан өткен ашық чемпио­натта жүлделі орынға ие болды.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.