Жерлестер маңызды ойында жеңіске жетті
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионаты аясындағы соңы ойындарының бірін өткізді. Өз алаңында «Хумо» клубын қабылдап, бірінші ойынында 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал, екінші ойынында 3:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бір саты жоғарылады. Осылайша жерлестер маңызды ойында жеңіске жетіп, ел чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алуға бір табан жақындады.
Ойын тартысты өтті. Тіпті, алаңда жанжал да орын алды. Әрине, бұл хоккейшілер үшін үйреншікті жағдай. Дегенмен, жерлестердің жеңісі жанкүйерлерге үлкен эмоция сыйлады.
Алғашқы соғылған төрт гол бірінші айналымда орын алды. Әуелі Владислав Сайко есеп ашқан-ды. Артынша қарсылас шабуылшысы Егор Дорофеев таразы басын теңестірді.
10-шы және 13-ші минутта алаң иелері сапынан Евгений Григоренко қатарынан қос шайба салып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Ал, үшінші айналымда қарсыластар есеп алшақтығын қысқартқан еді. Бірақ, жерлестер ойынның соңғы минутына дейін қарсыластарға дес бермеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz