Басты тақырып

Жерлесіміз – Ослода

    Қарағандылық танымал суретші Кәріпбек КҮЙІКОВ Норвегияның астанасы – Ослода өткен Нобель сыйлығын тапсыру салтанатына қатысты. 2017 жылғы әлемдік сыйлық Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық кампанияның (International сampaign to abolish nuclear weapons, ICAN) өкілдеріне тапсырылды.

«Норвегия қоғамдастығының кездесуіне Жапониядан келген 20-ға тарта ядролық қару құрбандары қатысты, Хиросима мен Нагасаки бомбалауының куәгерлері сөз сөйледі. Әсіресе, ұзақ уақыт дүниеге бала әкелуге қорыққан жапон әйелдерінің қорқынышы жанымды толқытты. Айтуға тыйым салынып, қазір ғана жария етілген көптеген жайттар мені таң қалдырғаны рас. Осы кездесуде жас кезімізде «Невада-Семей» қозғалысына бірге қатысқан тағы бір құрбанды кездестірдім, – деп жазады өзінің Фейсбук парақшасында Кәріпбек Күйіков.

Мұндай салтанатқа шақырылған тұңғыш қазақ Кәріпбек Күйіков кіші Отаны – Семейдің аты аталғанда жүрегін қуаныш кернегенін ерекше атап айтады.

Суретші – «Құрмет» белгісінің иегері, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған АТОМ жобасының Құрметті Елшісі, «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалыстың қатысушысы.

2017 жылғы Нобель сыйлығы 10 желтоқсан күні Осло қаласында ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық кампания­ның (International сampaign to abolish nuclear weapons, ICAN) өкілдеріне тапсырылды. Құрмет грамотасы, Нобель медалі және 9 миллион швед кроны бар қаржылай чегін Швеция азаматшасы, ICAN атқарушы директоры  Беатрис Фин және Хиросима бомбалауын көрген және ұзақ жылдар бойы ядролық қаруға тыйым салу үшін күрескен 85 жастағы жапондық Сэцуко Тэрлоу алды.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button