Спорт
Жерлесіміз қола жүлдемен оралды
Түркияның Эрзурум қаласында өткен XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында классикалық шахматтан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Команда құрамында қарағандылық Виктор Максименко өнер көрсетті.
Классикалық шахматтан 13 команда бақ сынасты. Алтынды 12 ұпай жинаған хорватиялықтар, күмісті 11 ұпаймен поляк шахматшылары иеленсе, үздік үштікті 10 ұпаймен Қазақстан командасы түйіндеді.
– Қарсыластар жоғары деңгейлі шеберлік көрсетті. Біздің спортшылар Италия, Германия және Сербия командаларын жеңіп, Украина һәм Польшамен тең ойнады. Тек, Хорватияға есе жіберді. Жеті турдан кейін он үш команда ішінен ІІІ орын бұйырды, – дейді аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz