Спорт

Жерлесіміз Азия пара ойындарының чемпионы

Жерлесіміз Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль жеңіп алды.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Дастан Мұқашбеков өз санатында 15,74 м. нәтижесін тіркеп, алтыннан алқа тақты. Осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк 12,39 м. нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Ал, ІІ орынды БАӘ спортшысы иеленді.

– Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін, – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button