Жемісті еңбек – жеңісті
Жуырда Алматы қаласында халықаралық Махмұд Қашқари атындағы әдеби сыйлықтың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау жұмысы екі кезең бойынша сараланып, «Қазан астында» атты әңгімесі үшін жерлесіміз, жазушы Кәмел Жүністегі жүлде алды.
Айта кетейік, мұнан бұрын Түркі әлемі жазушыларының шығармаларын насихаттау әрі таныстыру мақсатында Түрік кеңесіне мүше елдердің халықаралық Еуразия Жазушылар одағы құрылған болатын.
Шараға Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлы, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бергісі – Алаш, әрісі – бүкіл түркі жұртының айтулы жазушылары қатысқан әдеби байқауда жүлделі орынға ие болған әріптесіміз, жазушы Кәмел Жүністегіне шығармашылық табыс тілейміз.
Өз тілшімізден.
ШЕТ ауданы.