Руханият

Желаяқтар жарыс жолында

Жұрт назары Қарқаралыға аумақ. Сұлу өлкеде республикалық марафон өтеді. Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін марафон. Қатысушылар 50 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Марафон аясында Қарқаралыда танымал поп-орындаушы Жандос Қаржаубай және басқа да вокалдық ұжымдар 18 шілдеде өнер көрсетеді. Сонымен қатар, кеште отшашу мен лазерлік шоу ұйымдастырылады. Марафон өткен жылдардағыдай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен аудандық әкімдіктің ­ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс 19 және 20 шілдеде басталады. Қатысушы тау-тастың, орман ағаштарының арасында жүгіреді. Тасжолдың бойына 6 пункт қойылады. Пункттерде дәрігерлер мен құтқарушылар кезекшілік етеді. Ауыз суы да, дәретханасы да бар.

Қатысушылар қашықтықты өз қалауынша таңдай алады: 10, 21 немесе 50 шақырым. Балалар үшін 1 шақырымдық қашықтық қарастырылған. Барлық қатысушыларға марафон логотипі бар футболкалар беріледі.

Онлайн тіркелуге болады https://bugylytrail.kz/.

Бүгінгі таңда қатысуға 250 адам өтініш берген.

Басқа қалалар мен аудандардан келген қонақтар қонақ үйлерге орналастырылады. Палаткалармен келетіндер үшін ұлттық паркте жеке аймақ бөлінеді.

Бұл марафон алғаш рет 2023 жылы өтті. Онда қатысушылар Бұғылы тауының шыңын бағындырып, Шайтанкөл көліне дейін жетуі тиіс болатын.
Былтыр марафонға 180 адам қатысыпты. Жеңіске Санкт-Петербургтен келген қатысушылар жеткен.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button