АймақШет

Жазушы таңдауы – елге үлгі

Ақадыр кентіндегі №598 референдум учаскесінде Шет ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі, 85 жастағы жазушы Өмір Кәріп дауыс берді.

Сурет автордан

– Азаматтық жасқа жеткеннен бері ешқашан сайлаудан қалмағанмын. Дауыс беріп келемін. Ата заң – еліміздің еркіндігін қорғаушы заң. Жаңа заман талабына сай өзгертілген заңды әрдайым қолдаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді жазушы Өмір Кәріп.

Айта кетейік, ұзақ жылғы еңбек жолы мен әдебиеттегі шығармашылығы арқылы қоғамға үлгі болып жүрген жазушының бұл қадамы – ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділікті көрсетуінің айқын мысалы болды. Учаскеге келіп, өз таңдауын жасаған Өмір Кәріптің әр сөзі мен ісі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Қарапайымдылығы мен елге деген сүйіспеншілігімен танымал жазушының бұл әрекетіне тұрғындар да ризашылығын жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ
Ortalyq.kz

Шет ауданы

Басқа материалдар

Back to top button