Жазасын өтеушілер әлем чемпионымен жүздесті
Қысқы спартакиада аясында №33 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар BJJ (ACBJJ) бойынша әлем чемпионы, джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Айбар Оразалымен кездесті. Шара барысында спортшы сотталғандарға спорттағы жетістіктері, жетістікке жету жолындағы қиындықтары туралы айтып, еңбек жолындағы қызықты сәттерімен бөлісті.

– Белгілі спортшылардың қатысуымен осындай іс-шараларды ұйымдастыру сотталғандардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, спорт қоғамдастығы мен қылмыстық атқару жүйесі арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді, – деді мекеме басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Ахметов.
Осындай шаралар сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін өмірге бейімделуге көмектеседі дейді мамандар.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.