Жазғы универсиада: қоржынға тағы төрт медаль түсті
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы төрт медаль түсті.
Садақшы Диана Тұрсынбек олимпиадалық садақ ату сайысында финалда оңтүстіккореялық Чой Ми Сунге 2:6 есебімен есе жіберді.
Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева екі жүлдеге ие болды. Ол доппен ойын көрсету сайысында ІІ орын алды.
Бірінші орын Венгрия спортшысына бұйырса, үздік үштікті болгариялық гимнастшы түйіндеді.
Эльжана құрсаумен сайыстың жекелей сынында «қола» алды. Алдында Венгрия және Украина спортшылары тұр.
Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас (100 келі) «қола» жүлдеге қол созды.
Ол ІІІ орын үшін сайыста франциялық Кенни Левезені тізе бүктірді.
Ел құрамасынан «қоланы» шағын калибрлі винтовкадан ату шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Никита Шахторин, тез атылатын тапаншадан ату дисциплинасында Никита Чирюкин алды.
Сондай-ақ. дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан, Асқар Нарқұлов қола медаль жеңіп алған еді.
Дүбірлі додада Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды.