Жастарды жігерлендірген жиын
Қарағандылықтар «Сириус» федералды аумағында (Сочи, Ресей) өткен Бүкілəлемдік жастар фестиваліне қатысты.
Фестивальге əлемнің 191 елінің ғылым, бизнес, медиа, халықаралық ынтымақтастық, мəдениет, еріктілер, қайырымдылық, спорт саласынан 20 мыңнан астам адам жиналды. Делегация құрамындағы Əбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Жастар саясаты департаменті шығармашылық даму орталығының басшысы Ілияс Смайылов түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, дəрістер тыңдапты.
– Студенттік кезден белсенді қоғамдық қызмет атқарамын. Фестиваль ұнады, қызықты дəрістер, атақты адамдармен кездесулер болды. Қоғамның өткір тақырыптары көтерілді. Фестиваль қатысушылары үшін форумның барлық күндері ғылым мен білімге, технологиялар мен инновацияларға, мəдениет пен өнерге, гуманитарлық ғылымдар мен əлеуметтік салаға, спорт пен экология ға арналған түрлі шеберлік сыныптары, панельдік сессиялар, пікірталастар ұйымдастырылды, – деді Ілияс Смайылов.
Сондай-ақ, қарағандылық тар қатарында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің командасынан – докторант Перизат Жаңбырбаева, магистранттар Досмұхаммед Əбеуов, Шыңғыс Қабылғани жəне студенттер – Серік Төлеуов, Нұрдана Əбішева, Алмат Мұхамедрахым барды.
– Дүниежүзілік жастар фестивалінің бағдарламасы бірлік, теңдік, əділдік, өзара көмек, топтық жұмыс жəе мейірімділік құндылықтарына негізделген. Əр күні «Көпұлтты бірлік», «Əркімге арналған мүмкіндіктер əлемі» секілді тақырыптарға арналған сабақтарға қатыстық, – деді Перизат Жаңбырбаева.
Жастар фестивальде əртүрлі елдерден келген ғылым саласы мамандарының оқыту əдістемесі, ғылыми жұмыстарымен жəне физика жəне нанотехнология кафедраларының жабдықтарымен танысқан. 800-ден астам іс-шараны тамашалап, пікір алмасқан.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz