Жаңалықтар
Жастардың ғылымға бет бұруы – ел болашағының кепілі
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың білім мен ғылымға бет бұруын қоғам дамуының маңызды көрсеткіші ретінде атап өтті. Президенттің айтуынша, көптеген жастардың нағыз білім мен ғылым жолын мақсат тұтып, осы бағытта табандылық танытуы – ел болашағына деген сенімді нығайтады.
Онда Президент білімді ұлт қалыптастыру, ғылымды дамыту және жастардың әлеуетін толық іске асыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін жеткізді.
Жастардың ғылымға қызығушылығы – инновация мен тұрақты дамудың негізі. Сондықтан мемлекет бұл бағытта қолдау шараларын күшейтіп, сапалы білім алуға барлық жағдай жасап келеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



