Жастар саясаты: тенденциялар мен перспективалар
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында мемлекеттік жастар саясатының барлық негізгі бағыттары қамтылып, жастардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілді. Бұл бағытта жастардың рухани, мәдени, білім беру және кәсіби қалыптасуына, сондай-ақ, физикалық дамуына қолайлы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасалып, олардың шығармашылық әлеуетін ашу мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда облыс халқының төрттен бір бөлігін жастар құрайды (303400 адам немесе 26,4%). Қала жастарының саны – 239 183 адам (78%), ауыл жастарының саны – 64 217 адам (21,2%).
Белсенді жұмысты барлық қалалар мен аудандарда жұмыс жасайтын облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтары (14), жастар үкіметтік емес ұйымдары (77) жүргізеді, барлық деңгейдегі әкімдердің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестер (14) жұмыс істейді. 8 жоғары оқу орны мен 51 колледж бар.
Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық бағытта жұмыс ұйымдастырылды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында (2023-2027 жылдарға арналған тұрғын үймен қамтамасыз етудің Кешенді жоспары) 2025 жылы 88 жоспар бойынша 96 пәтер берілді (Балқаш – 23, Саран – 23, Теміртау – 20, Шахтинск – 2, Абай – 8, Бұқар жырау – 17, Нұра – 2, Шет – 1).
«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан жастардың бастамаларын қолдау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, іс-шараларды ұйымдастыру, психологиялық, заң көмегін көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Орталықта жастарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету бөлімі жұмыс істейді. Балалар үйінің түлектері үшін ЖРО психологтары мен заңгерлері жыл бойы 11 мыңнан астам консультация өткізді, оның ішінде, 594 заңгерлік және 1037 психологиялық консультация, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша – 7235, кәсіпкерлік мәселелері бойынша – 1 641, репродуктивті денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау бойынша кеңестер 160, құмар ойындардың (лудоманияның) қауіптілігі туралы кеңестер 594 (барлығы 11 261).
2025 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту ұлғайтылды. Қамту 4 990 адамды құрады (2024 жылы – 4 800 адам). Сарбаздар қатарына қабылдау кезінде қатысушының әлеуметтік мәртебесі ескерілді. Осылайша, қатысушылардың кем дегенде 10%-ы мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін жасөспірімдер болды.
2021 жылдан бастап, «Jas fund» жастардың зияткерлік және шығармашылық бастамаларын қаржылай қолдау қоры жұмыс істейді. Бір өтініш берушіге қаржылық қолдау мөлшері 100 АЕК құрайды. Қорды қаржыландырудың жалпы сомасы 2025 жылы 9 млн құрады. Қорытындысы бойынша 24 өтінім қолдау алды.
2025 жылы облыс әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс өткізілді. Грант облыстың жас азаматтарға жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі. Бес бағыт бойынша 25 грант табысталды (бизнес – 10, мәдениет – 3, медиа – 5, ақпараттық технологиялар – 1, ғылым – 2, волонтерлік – 4).
Бүгінгі таңда өңірде 75 волонтерлік ұйым мен топ жұмыс істейді, олар 4 мыңнан астам адамды, негізінен жастарды қамтиды. Жалпы үйлестіру жүзеге асырылатын және волонтерлік ұйымдарға ресурстық көмек көрсетілетін волонтерлердің өңірлік фронт-офисі жұмыс істейді.
2025 жылы 1 105 волонтерлік іс-шара өткізілді, оның шеңберінде, 6 800-ден астам адам қамтылды.
Қазақстандық патриотизмді нығайту аясында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы дамуда. Жыл сайын әскери-патриоттық клубтар «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысады. Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу, жас офицерлер балы, «Ардағым ардагерім» жастар акциясы өткізіліп тұрады.
Жастар өзін-өзі басқарудың ерекше нысаны ретінде облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінде жастар істері жөніндегі комитеттері мен студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда облыстың 8 ЖОО-да 14 студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмыс істейді, олардың қатысушылары 4 536 студент бар.
Студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері жоғары оқу орындарының алқалы басқару органдарының құрамына кіреді (ғылыми және академиялық кеңестер; тәрбие жұмысы жөніндегі кеңес; факультеттер кеңесі; жатақханалардың студенттік кеңесі; жоғары оқу орындарының бюджеттік комиссиялары; әдеп жөніндегі кеңес).
Студенттердің өз Парламенті бар, ол жоғары оқу орындарының басшылығымен өзара іс-қимыл шеңберінде студенттердің мүдделерін білдіреді.
Облыстың жоғары оқу орындарында 87 жастар клубы жұмыс істейді, олардың қызметі студенттердің азаматтық белсенділігін, көшбасшылық қасиеттерін, спорттық, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Аталған клубтар белсенді жастарды біріктіреді, әлеуметтік, мәдени, волонтерлік және білім беру жобаларын іске асырады, сондай-ақ, қалалық және облыстық іс-шараларға қатысады. Бұл органдардың қатысушылары шамамен 5000 студент.
2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша NEET-жастардың үлесі 6,5% (18 530 адам) құрайды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% – ға төмен (2024 жылғы 3 тоқсан – 7,9%).
Статистика органдарының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,0% (5 491 адам) құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмен.
Облыс бойынша 10 коворкинг-орталық (Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Шет ауданында) және облыс орталығында 1 комьюнити-орталық жұмыс істейді.
Әлеуметтік қызметтер көрсету және жастар үшін әлеуметтік инфрақұрылым құру шеңберінде облыстық Комьюнити-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды, онда 7 аймақ бар: дыбыс жазу, дизайн, подкасттар (бейнероликтер) студиялары, «Tiktok» қосымшасында түсірілім үшін аймақтар, дрондарды ұшыруды оқыту, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс аймағы, түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге арналған коворкинг аймағы.
Әр аймақтың кураторлары контент пен өнімдерді (дизайнерлік киімдер, әндер, каверлер, подкасттар, бейнероликтер және т.б.) жасаудан басқа, оқу материалдарын жасайды, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алғанға дейін жүргізе отырып тренингтер өткізеді. Барлық қажетті материалдарды, арнайы жабдықтарды және т.б. пайдалану тегін негізде ұсынылады.
Облыстық жастар ресурстық орталығының базасында жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі фронт-офис жұмысын бастады.
Облыста өңір үшін бірегей «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасы іске асырылды. Ол жоба жастардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сыни ойлау мен стратегиялық талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қарағанды облысының «жастарға арналған өңір» ретіндегі позициясын күшейту үшін маңызды іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады.
Біз мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың, жастар проблемаларын шешу тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандарын үнемі іздестіруді жалғастырамыз. Атап айтқанда, жастар мүдделері саласында бірыңғай саясат жүргізу кезінде жастар қоғамдық бірлестіктерінің, жастар мәселелерімен айналысатын жастар емес қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес-ұйымдардың және жастардың әртүрлі әлеуметтік топтары мен қауымдастықтарының сектораралық өзара іс-қимылы ретінде жастар саясатын дамытатын боламыз.
Айсұлу ЕРНИЯЗОВА,
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасының басшысы



