Спорт

Жастар құрамасы жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турындағы кезекті кездесуінде жеңіске жетті.  Отандастарымыз сырт алаңда Мальта құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңді.

Сурет: kff_team инстаграм парақшасынан

Бұған дейін жастар құрамасы Еуропа чемпионаты аясында үш ойын өткізген болатын. Өкінішке қарай, барлық ойында жеңіліп қалды. Бұл жолы Мальта құрамасының жастарын жеңіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша «В» тобында V орынға көтерілді.

Ойынның алғашқы бөлігінде ешқандай нәтиже тіркелмеді. 52-ші минутта Абылайхан Назимхановтың берген пасын Айбар Абдулла қақпаға бағыттап, нәтиже тіркеді. Айбар – қарағандылық «Шахтер» клубының жастар құрамасы сапында өнер көрсетеді.

72-ші минутта Дамир Касабулат көзге түсті. Нұрәли Жақсылықовтың бұрыштамадан асырған добын нәтижемен аяқтады.

Қазіргі жағдай бойынша «В» тобында Испания құрамасының жастары көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыда Белгия, Шотландия құрамасы. Айта кетейік, турнирдің келесі кезеңіне тек топтан екі команда ғана жолдама алады.  

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button