Жаңалықтар

Жасампаздық жолымен – жарқын болашаққа

Өнеркәсіп

2016 жылы Қарағанды қаласы эконо­ми­ка­сының нақты секторы қарқынды дамыды, онда қызметкерлер саны 40 мың адамды құрайтын 1215 кәсіпорын қызмет атқаруда.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 310,4 млрд. теңгені немесе 2015 жылмен салыстырғанда 105,5% құрады.

Өнеркәсіптің барлық салаларында, соның ішінде қаланың ірі және орта кәсіпорындарының өндіріс көлемдерін арттыру есебінен өсімге қол жеткізілді.

Мысалы, өңдеу өнеркәсібінде 5,6% өсім қамтамасыз етілді.

Келесі кәсіпорындар есебінен оң динамикаға қол жеткізілді: «Евразиан Фудс» АҚ – 144,4%, «Тау Кен Темір» ЖШС – 202,1%, «Қарағанды-НАН корпорациясы» ЖШС – 124,6%, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС – 128,2%; «Фармация 2010» ЖШС – 135,8%, «Металл Профиль зауыты» ЖШС – 139,0%, «Қарағанды құбыр механикалық зауыты» ЖШС – 149,9% және тағы басқалар.

Сонымен қатар, электр энергиясымен қамта­масыз етуде 12,6%, сумен қамтамасыз етуде 13,4% өсімге қол жеткізілді.

Өндіріс көлемдерінің өсуіне кәсіпкерлікті қол­дау картасы жобаларының жүзеге асуы мүм­кіндік берді.

2016 жылы іске қосылған 26 жобаның өндіріс көлемі 49,3 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар, 2016 жылы қаланың кәсіп­керлікті қолдау картасына 400 жаңа жұмыс орнын құрумен екі инвестициялық жоба енгізілді.

Қолдау картасынан тыс металл құрылымдарын өндіру бойынша 2 зауытты іске қосу жоспарлануда.

Шағын және

орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес көрсеткіштерін қам­тамасыз ету үшін қала кәсіпорындарын «Биз­нестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау бойынша бірыңғай бағдарлама құралдарымен қамту жұмысы жалғастырылды.

2016 жылы осы бағдарлама аясында 389 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 19,2 млрд. теңге болатын 112 жоба мақұлданды.

Жалпы бағдарламаның жүзеге асырылу уа­қытынан бастап қаладан жалпы сомасы 74 млрд. теңге болатын 477 жобаға қолдау көрсетілді, баламасы жоқ жаңа өндірістер іске қосылып, оларда 5 мыңнан артық жұмыс орны құрылды, бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдер көлемі өсті.

Сауда және қызмет көрсету саласында жаңа нысандардың ашылуы шағын және орта бизнес дамуының негізгі көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді.

Шағын және орта бизнестің қала экономикасына белсенді түрде қатысуы негізгі көрсеткіштердің оң қарқынынан көрініс тапты.

Қарағанды қаласы бойынша бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 526 млрд.теңгені құрады.

Қазіргі таңда қала экономикасындағы ШОБ үлесі – 50% жоғары. Салық түсімдеріндегі ШОБ үлесі – 40% артық.

Ағымдағы жылы ШОБ дамуының қарқыны сақталады.

Ауыл шаруашылығы

2016 жылы ауыл шаруашылығы көрсеткіштері өсуінің оң қарқыны сақталды:

– ауыл шаруашылығының жалпы өнім кө­лемі 7,5 млрд. теңге.

Соның ішінде өткен жылдың деңгейіне қара­ғанда өсімдік шаруашылығының көлемі 2,8%, мал шаруашылығының көлемі 7,2% өсті.

Таза салмақта мал және құс шаруашылығы өндірісінің көлемі 10,2%, сүт – 4,7%, жұмыртқа – 2% артты.

Облыстың ауыл шаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында қалада 2016 жылы 38 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, онда өнім жалпы сомасы 963,3 млн. теңгеге, оның ішінде жергілікті тауар өндірушілерінің өнімі 278,6 млн. теңгеге сатылды.

Халықты жұмыспен қамту және

Еңбек нарығы

Елбасының Жолдауына сәйкес жаңа әлеу­меттік саясат қағидаларының бірі еңбекке қабілетті халықты қала мен ел экономикасына тарту болып табылады.

Есепті кезең ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 18 мыңнан артық адам жұ­мыс­қа орналастырылды. Бұл өтініш білдірген аза­маттардың жалпы санының 82% құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға 449 адам қатысты, 395 түлек жастар тәжірибесінен өтті.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарла­масын іске асыру арқылы орындалды.

Бағдарлама аясында жұмысқа орналасуға жәр­демдесу шараларымен шамамен 4,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар­дың үлесі 57,6%, ал әйелдер 48,2% құрайды.

424 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты, қаланың 88 ұйымы мен кәсіпорнында 395 адам жастар практикасынан өтті.

Бағдарламаның 302 қатысушысы қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы өзінің жұмысын аяқтады.

«Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы – 2020» және ИИДМБ бағдарламалары арқылы қала хал­қын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша кешенді жоспардың аясында 297 адам жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларынсыз 13038 адам немесе жоспардың 108,6% жұмысқа орналастырылды, оның ішінде, 28% – өздігінен жұмыспен қамтылған адамдар.

Бес жылдық кезеңге арналған нәтижелі жұ­мыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бағдарлама осы жылы жүзеге асырыла бастады.

Халықты әлеуметтік қорғау

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау – қаладағы басым міндеттердің бірі.

Жыл басынан бастап барлығы 84361 тұрғынға 2,3 млрд. теңге сомасына әлеуметтік көмек және қызметтер көрсетіліп, төлем жүргізілді, алушылар саны орта есеппен 4% көбейді.

167 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады. 465 отбасына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, 2319 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді, 773 адам 1 АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек алады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басты назар аударылады.

Оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес үйде оқыту, жеке көмекшінің қызметтері мен ымдау тілі мамандарының шығындары өтеледі. Мүге­дектер міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етіліп, оларды арнайы автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көр­сетіледі.

Осы мақсаттарға бюджеттен 928 млн.теңге қаражат жұмсалды.

Білім беру

Білім беру адамзат өмірінің және бүкіл қоғам қызметінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі айтарлықтай ұлғайды. “Шаңырақ” мемлекеттік бала­­бақшасы және қаланың түрлі аудандарында 10 жекеменшік балабақша ашылды. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балалар үшін 1654 жаңа орын пайда болды.

Қазіргі уақытта мемлекет және бизнес серік­тестігінің қағидаты өте маңызды болып табылады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша мектепке дейінгі білім беру саласына жеке инвестициялар тартылады.

2016 жылы жекеменшік балабақшаларда 1266 жаңа орын пайда болды. Осы мақсатта атқарылған жұмыс соңғы бес жылда алғаш рет 3 жас пен 5 жас аралығындағы 1500 баланың мектепке дейінгі ұйымдардағы кезегін қысқартуға мүмкіндік берді.

2017 жылы орын тапшылығын қысқарту үрдісі сақталатын болады.

Жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тап­сырысты орналастыруға қала бюджетінде 1,5 млрд. теңге қарастырылған.

12 және 21 шағын аудандарда 2 жаңа мем­лекеттік балабақша құрылысын салу және 23 шағын­ аудандағы балабақшаны қайта құру жоспар­лануда. Сонымен қатар, жеке секторда 10-нан ас­там балабақша ашылады.

Денсаулық сақтау

Жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылығы – денсаулық сақтау саласы.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жү­зеге асыру нәтижесінде қалада халық денсау­лығын сипаттайтын көрсеткіштердің оң қарқыны бай­қалады.

Сәбилердің өлім-жітімі 5,5% төмендеген (2015 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 9,2 қарағанда 8,7).

Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 30,1% төмен­деген (2015 жылы 100 мың халыққа шақ­қанда 64,3 қарағанда көрсеткіш 45,0 құрады).

Сырқатты ерте анықтау мақсатында медици­налық скрининг тексерістері жүргізіледі.

Спортты дамыту

Дене тәрбиесі және спорт саласы болашақ­та салауатты ұлтты қалыптастыру, жас айырма­шылығы мен әлеуметтік мәртебеге қарамай, қо­ғамды тұрақты әлеуметтік біріктіруге ықпал ететін салалардың бірі болып табылады.

2016 жылы осы бағытта 35214 адамның қаты­суы­мен 272 спорттық-бұқаралық шара өткізілді.

Қаланың құрама командалары тұрақты түрде облыстық спартакиадаларға, чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындарды ие­ленеді.

2016 жылы қаланың екі ауданында «Аула аймақтарын абаттандыру» бағдарламасы бойынша құрамына көше тренажерлері кешені, футбол және баскетбол алаңдары кіретін біріктірілген алаңдар орнатылды.

Өскелең ұрпақ әлеуетін дамытудың маңыз­дылығын ескере отырып, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында қаржы бөлінеді.

Шахматты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру 365 шахматшыға түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді.

Мәдениет және тілдерді

дамыту

Адамзат тарихы – мәдениет дамуының тарихы.

Мемлекеттің дамуы оның рухани негізін ны­ғайтуды талап етеді. Бірде-бір қоғам мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарды қолданбай, өз болашағын қалыптастыра алмайды.

Осы маңыздылықты ескере отырып, біз халықтың барлық топтары үшін мәдени-көпшілік шараларға және мәдениет мекемелеріне қолже­тімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз.

2016 жылы әр түрлі мерекелерге және атаулы күндерге арналған 6 229 шара өткізіліп, оған миллионнан астам адам қамтылды.

Ұлттық мәдениетті және басқа халықтардың мәдениетін насихаттауға, мемлекеттік мерей­той­лық және кәсіби мерекелерге арналған мәдени-көпшілік шараларын өткізуге ерекше көңіл бө­лінеді.

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік тілді дамыту болып табылады.

2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын және 2014-2016 жылдарға арналған қалалық шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері 11 мың адамды қамтыған түрлі шаралар өткізілді.

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша жоспардан тыс тестілеу жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесінде қатысушылардың 80% базалық және ортадан жоғары деңгейді көрсетті.

Ішкі саясат және жастар

саясаты

Демократиялық мемлекет құру шарттарының бірі – азаматтардың бостандықтарын, мүдделері мен мақсаттарын, құқықтарын қорғау және қана­ғаттандыру саласындағы азаматтық белсенділікті қамтамасыз ететін дамыған азаматтық қоғамның және оның институттарының болуы.

Қалада 400-ден астам үкіметтік емес ұйым, 8 саяси партияның филиалдары, 24 этно-мәдени, 50 діни және 42 жастар бірлестігі тіркелген.

Мемлекеттік ақпараттық саясатқа ерекше назар аударылады. 2016 жылы мемлекеттік ақ­параттық саясатты іске асыруға 30 млн. теңге бө­лініп, телеарна мен газеттерде 700-ден астам материал жарияланды.

2016 жылы қалада діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша тұрғындармен 61 кездесу өткізілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі арқылы ҮЕҰ 33 млн. теңге сомасына 10 жобаны іске асырды. Осы жобалар арқылы біз ар­да­герлерімізді, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, өмірлік күрделі жағдайға тап болған азаматтарды қолдап, көмек көрсете алдық.

Осыған байланысты 2016 жылы жалпы сомасы 13 млн. теңге болатын 7 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылы біз мемлекеттің саяси бағытына сәйкес осы жұмысты жалғастырамыз.

Қоғамдық қауіпсіздік

Өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқару бой­ынша 15 кеңес құрылды, оның құзыретіне құ­қық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де кі­реді. Қазіргі таңда қала аудандары әкімдерінің жанындағы осы кеңестер өз қызметін атқаруда (барлық сұрақтар бойынша аудан әкімдерінің аппараттарына және учаскелік полиция инспекторына өтініш білдіруге болады). Бүгінгі күні әкімдікте полиция қызметінің 140 қоғамдық көмекшісі тір­келген.

Азаматтарды профилактикалық жұмыстарға қатыстыру құқықтық тәртіп жағдайына оң әсер етеді. Қоғамдық көмекшілердің қатысумен 2016 жылы 25 қылмыс ашылды және 450-ден астам құқық бұзушылық жасалуына жол берілген жоқ. Белсенді қоғамдық қызметі үшін 34 азамат марапатталды.

2016 жылдың қорытындылары бойынша алко­гольдік мас болу жағдайында жасалған қыл­мыстарды тіркеу 35,7%, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 25%, қоғамдық орындарда 8,4% және көшелерде 20,2% қысқарған.

Көшелердегі қылмыстың ауыр түрлерінің саны 20% төмендеді.

Қала жолдарындағы апаттылық 6,5% төмен­деді, сонымен бірге ЖКО кезінде жараланған адам­дардың саны 13% қысқарды.

Аумақтарды санитарлық

тазарту және абаттандыру

Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындары – саябақтар мен гүлзарлар.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгал­дандыру» бағдарламасы аясында 51 саябақ пен гүлзар күтіп ұстау жұмыстарымен қамтылған.

Теміржол вокзалы және автовокзал алдындағы гүлзарда, каскад алаңында және «Мәңгі алау» мемориалының гүлзарында субұрқақтарды қалпы­на келтіру жұмыстары жүргізілген.

«Молодежный» МҮ, Әлиханов көшесіндегі, Құрылысшылар даңғылындағы гүлзарларда балалар алаңдары жаңартылды, әткеншектер орнатылып, жасанды жабын ауыстырылды.

Ағымдағы жылы Музыкалық комедия театрының және «Жаңа Майқұдық» МҮ алдындағы 2 гүлзар абаттандырылады.

Басты бағыттардың бірі – аула аумақтарын абаттандыру.

Ағымдағы жылы осындай 10 аула аумағын абаттандыру жоспарлануда: Қазыбек би атындағы аудан бойынша – 4, Октябрь ауданы бойынша – 6. Осы мақсаттарға қала бюджетінде 618,5 млн. теңге қарастырылған.

Көлік инфрақұрылымын

дамыту

Атқарушы органдар үшін күнделікті маңызды мәселе жол-көлік инфрақұрылымының тиісті қызмет атқаруын қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы қаланың автожолдарын жөндеуге 2016 жылы 3,1 млрд. теңге бөлінді, ол 2015 жылмен салыстарғанда 10% артық. 29 жол учаскесінде және 1 өтпежолда күрделі, орташа жөндеу және қалпына келтіру, құрылыс салу жұмыстары өткізілді, қаланың 50-ден астам көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шахтерлер даңғылынан бастап Приканальная көшесіне дейін Бөкетов көшесі бойынша автомобиль жолының құрылысы аяқталды, онда техникалық және жаяу жүргінші тротуарлары, қоршаулар, жарық бағандары және жол белгілері орнатылды. Термопластик жол таңбасы салынды.

600 автокөлікке арналған тұрақ және 50 өтпежол орнатумен ұзындығы 4 шақырым жоғарғы қабаты асфальтбетон төсеумен Поспелов көшесінен бастап Бейбітшілік бульварына дейінгі учаскені қоса алғанда, Бұқар жырау даңғылынан Терешкова көшесіне дейінгі Ленин көшесі бойынша автомобиль жолын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Осы учаскеде 300 жарықтандыру тірегі және 7 бағдаршам нысаны орнатылды.

«Федоровский» өтпе жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, осы жұмыстардың аясында жол жиектері бекітіліп, жол плиталарының арасы толтырылды, жол төсеніштері төселіп, жаяу жүргінші тротуарлары орнатылды, қоршаулар мен жарықтандыру бағандарына монтаждау жұмыстары жүргізілді. Аталған өтпе жол бойынша жұмыстар көлемі ағымдағы жылы қабылданады.

Автомобиль жолының 27 учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары өткізілді (42,8 км).

Республика даңғылы, Сәтбаев, Мұқанов, Язев, Әлиханов көшелері және вокзал алаңында ұсақ тас-мастикалық асфальтбетон, гранит жиектас­тар, техникалық және жаяу жүргінші тротуарларын орнатумен кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Гапеев, Волгодонская, Крылов, Космонавттар көшелерінде және тағы басқа дәстүрлі асфальт бетон жабынын пайдалана отырып, жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары өткізілді.

Осыған ұқсас жұмыс Бұқар жырау даңғылы, 76 және Ермеков көшесі, 21 үйлерінің арасында жүргізілді. Аталған учаскеде нөсерлік канализация қалпына келтіріліп, нөсер қабылдауыш құдық орнатылды.

2016 жылы қаланың 250 көшесінің автомобиль жолдары (Қазыбек би атындағы аудан – 161 көше және Октябрь ауданы – 89 көше), әлеуметтік нысандардың 210 кіреберіс және айналма жолдары (Қазыбек би атындағы аудан – 65 және Октябрь ауданы – 145) күтіп ұстау жұмыстарымен қамтылды. Жалпы күтіп ұстау ауданы 5 млн. ш.м. Бас мердігер – «Көркейту» КМК.

2016 жылы автомобиль жолдарын жарық­тандыру бойынша 14,8 мың, саябақтар мен гүлзар­ларда 4,7 мың, орамішілік өтпежолдар бойында 291 бірлік жарық нүктелері орнатылған.

Мүсірепов, Сәрсеков көшелеріндегі автомобиль жолы бойындағы сыртқы жарықтандыру желілері, Н.Әбдіров даңғылы бойынша орам­ішілік жарықтандыру желілері, 14 шағын­ауданындағы №65 орта мектепке бағытталған кіре­беріс автомобиль жолын жарықтандыру желі­лері қалпына келтірілді.

Жолаушылар тасымалы

Басты мәселелердің бірі – халықты жолаушылар тасымалымен қамту болып табылады.

Қала бойынша 57 қалалық және 11 қала ма­ңындағы бағыттар бойынша 9 тасымалдаушы көлік қызметін жүзеге асырады, орташа есеппен автобустардың желіге күнделікті шығуы 615 бір­лікті құрайды. Автокәсіпорындардың жылжымалы техникасының құрамы – 952 бірлік, оның ішінде 30 бірлік техника 2016 жылы сатып алынды.

Өткен кезеңдегі желіге шығу жиілігі 81% құрады.

Майқұдық ауданында бағыттардың жиілігін арттыру мәселесін шешу үшін Восток-1 шағын­ауданындағы аялдама пунктінен басталатын №43 бағыттың қысқартылған кестесін қосу туралы шешім қабылданды.

Четская көшесі тұрғындарының көптеген өті­ніштері бойынша №3 қалалық бағыттың қозға­лыс сұлбасы өзгертілді, аталған бағыт осы көшені қамтиды.

Қоғамдық көлікпен қамтылмаған Ерубаев, Ғазалиев, Момышұлы (бұрынғы Ұшу жолағы) көшелерін қамтуды есепке ала отырып, бағыттар сұлбаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

ЖКО санын азайту мақсатында бюджеттік қаражат есебінен 2016 жылы қала көшелерінде 635 жол белгісі және 4 бағдаршам нысаны орнатылды.

Тұрғын үй шаруашылығының дамуы

Қазіргі уақытта қаланың тұрғын үй қоры 2509 көп пәтерлі тұрғын үйді құрайды.

Қалада 1867 үйге немесе тұрғын үй қорының 74,4% қызмет көрсететін 185 жалпы кондоминиум нысандарын басқару органы тіркелген.

2011-2015 жылдар аралығында Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының ТКШ жандандыру кіші бағдарламасы аясында 1,5 млрд.теңге сомасына 80 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді, оның ішінде 46 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ондағы 20 нысанда АЖҚ орнатылып, 60 лифт ауыстырылды.

2016 жылы қайтарылған қаражат есебінен 42 млн. теңге сомасына көп қабатты үш тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді, оның ішінде Республика даңғылы, 18/2 үйдің төбе жабынын жөндеу және 2 лифт ауыстыру, Гоголь көшесі, 48 үйдің төбе жабынын жөндеу бойынша жұмыстар жасалды.

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағ­дарламасы аясында қалада тұрғын үйге мұқтаж­дар есебінде тұрған азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 2016 жылы 309 отбасы тұрғын үймен қамсыздандырылды.

Ағымдағы жылы «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағдарламасы аясында 2016 жылы пайдалануға енгізілген Белинский көшесі, 2 мекен-жайы бойынша 108 пәтерді ұсыну жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысы

Құрылыс саласындағы негізгі көрсеткіштердің бірі – тұрғын үйді пайдалануға енгізу болып табылады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қар­жыландырудың барлық көздері есебінен 172,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл көрсеткіш 2015 жылдың деңгейінен 11% артық.

Соның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 18,6% тұрғын үй, жеке құрылыс есебінен 27,1% тұрғын үй, жеке инвестициялар есебінен 54,3% тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Шахтерлер даңғылы бойынша «Жанұя» тұр­ғын үй кешені (1 кезек), «Шапағат» ТК үш блок-секциясы, Шахтерлер даңғылы, 7/2, Орбита ша­ғын­ ауданы, 16/2, Степной шағынауданы, 2/1 бойынша тұрғын үйлер, Белинский көшесі, 2 бойынша арендалық тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағ­дар­ламасы аясында Панель Центр шағын ауданы №1, 2, 3 тұрғын үйлерінің құрылысы жүргізілуде.

Аталған үйлердің бөлігі 1 ш.м. бағасы 140 мың теңге сомасында «Өз үйім» жаңа бағдарламасы аясында ұсынылады, бұл 17 мың ш.м. тұрғын үйді (336 пәтер) пайдалануға енгізуге мүмкіндік береді.

Коммуналдық

шаруашылықты дамыту

2016-2017 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындық барысында «Караганда Энергоцентр» ЖШС 5 қазандық, 3 турбина және ЖЭО-1 және ЖЭО-3 қосалқы жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жылу қуатының тапшылығын төмендету мақ­сатында «Караганда Энергоцентр» ЖШС инвестициялық бағдарлама аясында 2016 жылы ЖЭО-3 үшінші энергоблок іске қосылды: №8 қазандық (қуаты 180 Гкал-сағ.) және №6 турбина (электр қуаты 110 МВт).

Бұл өндірілетін жылу қуатының көлемін ұл­ғайтуға, қаланы жылумен қамтамасыз етуді жақ­сартуға және ең бастысы, жаңа нысандарды іске қосуға мүмкіндік берді.

2016 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттік несие беру механизмі арқылы ұзындығы 0,957 шақырым «12 месяцев» дүкенінен Республика даңғылына дейін Шахтерлер даңғылы бойынша Оңтүстік-Шығыс жылу магистралін қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта жұмыстар толық көлемде аяқталды.

Аталған желілерді қайта құру нәтижесінде, жылу шығындары жылына 5,1 мың Гкал төмендетілді, қаржылық көрсетілімде бұл 17,2 млн.теңгені құрайды, 28 шағын ауданда жылумен қамсыздандыру жақсартылды, онда көп қабатты 31 тұрғын үй және 34 әлеуметтік мәдени нысан орталық жылыту жүйесіне қосылған.

Жерге орналастыру және

сәулет мәселелері

Қаланың кешенді дамуы бас жоспарға тікелей байланысты болып табылады, оны жүзеге асыру аясында бекітілген 20 қала құрылысы жобасы және инженерлік қамтамасыз етудің 5 салалық сұлбасы бар.

2016 жылы қалалық бюджет есебінен көлемі 1,3 мың га жердің үш қала құрылысы жобасын дайындау жұмыстары басталды.

Аталған жұмысты жалғастыру мақсатында 2017 жылы жалпы көлемі 2,1 мың га үш қала құры­лысы жобасын (Батыс өнеркәсіптік аймағының ЖЖ, Саран тас жолының ауданы учаскесінің ЖЖ, Узенка жоспарлау ауданының ЕЖЖ – 1 кезек) дайындау жоспарлануда.

Қаланың бағалау аймақтарының шекара сұл­баларын жасау бойынша жер-кадастрлық жұ­мыстарды орындауға қаражат қарастырылған.

Қалыптасқан жерге орналастыру жағдайын бекітілген ЕЖЖ сәйкестікке келтіру мақсатында жер учаскелерін алып қою бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

ЕЖЖ сәйкес келмеген жағдайда орнына бекі­тіл­ген қала құрылысы құжаттамаларына сәйкес жер учаскелері беріледі.

Өткен кезең бойынша 28 жер учаскесі алып қойылды және орнына басқа жер учаскелері бе­ріл­ді.

Бұрын коммерциялық мақсаттарда берілген жер учаскелерін жер заңнамасын бұзумен пайдалану немесе пайдаланбау фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

7741 учаске тексерілді, нәтижесінде көлемі 137,2 га. 146 игерілмеген жер учаскесі анықталды.

20 жер пайдаланушы жер учаскелерін игеруге кірісті, 8 жер учаскесі мемлекет меншігіне алып қойылды. Жерлерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасымен бірлесе отырып, 118 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

2016 жылы су қорғау белдеулері мен аймақ­тары, көлік инфрақұрылымы мен кіреберіс жол­дарды ескере отырып, Федоровское су қой­ма­­сының ауданында демалыс аймақтары мен жаға­жайларды орналастыру сұлбасы жасалды.

2016 жылы жер учаскелерін сату бойынша 3 аукцион өткізілді. Құны 60,4 млн.теңге сомасына көлемі 9,4 га болатын 25 жер учаскесі сатылды.

Аса маңызды мәселелердің бірі жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған жер учаскелерін беру болып табылады.

Мүлікті жария ету

2014 жылдың қыркүйек айынан жүргізіліп келе жатқан мүлікті жария ету акциясы 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.

Мемлекеттің аталған акцияны өткізуінің басты мақсаты – бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны тарту, сонымен бірге Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар азаматтардың, оралмандардың және тұлғалардың мүлкін және табыстарын мағлұмдауға көшуге алғышарттар жасау болып табылады.

Акциясының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,7 млрд. теңге сомасына 288 нысан жария етілді, оның ішінде 56 – тұрғын және 232 – тұрғын емес нысандар бойынша (Қазыбек би атындағы аудан бойынша – 5,3 млрд. теңге сомасына 226 объект, Октябрь ауданы бойынша 1,4 млрд. теңге сомасына 62 нысан).

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес

Қала әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл бойынша жұмыс Қазақстан Респуб­ликасының 2015-2025 жылдарға арналған сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асы­ру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ве­домстволық комиссия жұмыс істейді.

«Өзіңнен баста» республикалық акциясы аясында және халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер шаралар кешенін өт­кізеді, олардың арасында ЖЖЕ сақтау, қызметтік автокөлікті жеке мақсаттарға пайдаланбау, табыстары туралы мәліметтерді жария ету.

2016 жылы және алдыңғы жылдары қабыл­данған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әкімдік қызметінде заңдылықты қам­тамасыз ету бойынша оң нәтижелерге қол жет­кізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта қала әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жос­парлы негізде жүргізіледі және бақылауға алынған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және олар­ды электрондық нұсқада көрсету сапасын арттыру, электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету, рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыру және «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы» ақпараттық жүйесін енгізу мәселелеріне бірінші кезекте назар аударылады.

2016 жылы қаланың атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 80 түрі бойынша 159 242 қызмет көрсетті, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы – 54 783, электрондық үкімет порталы ар­қы­лы – 11602, «Е-лицензиялау» ММБ арқылы – 1446, қағаз негізде 91411 қызмет көрсетілді.

Азаматтардың өтініштері

2016 жылы қала тұрғындарынан 5694 жазбаша өтініш келіп түсті. 2015 жылмен салыстырғанда 1,1% артық.

Өтініштердің басым бөлігі немесе 90% сәулет және жерге орналастыру мәселелерін құрайды, тұрғын үй беру мәселелері – 6%, коммуналдық шаруашылық мәселелері – 4%.

Облыс әкімінің блогына қала тұрғындарынан 544 өтініш келіп түсті. Олардың 35%-ы – ком­муналдық шаруашылық мәселелері.

Барлық өтініштерге уақытылы жауап беріліп, тиесілі ақпарат ұсынылады.

Өткен кездесулер барысында халықтан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша орындалған шаралар

2016 жылы қала әкімінің есеп беру кездесулері барысында азаматтардан түрлі сұрақтар бойынша 32 өтініш-ұсыныс келіп түсті, олардың әрқайсысы мұқият қарастырылды, кейбір сұрақтар тез арада шешімін тапты, кейбір сұрақтар бойынша біршама уақыт қажет болғандықтан, оларды орындау үшін тұрақты бақылауға алынған шаралар жоспары жасалды, әр сұрақ міндетті түрде өз шешімін табады.

Қарағанды қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесулерінде қарастыруға жоспарланған мәселелер

1. 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы.

2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асыру туралы.

3. Мемлекеттік және үкіметтік бағдар­лама­ларды іске асыру барысы туралы:

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бірегей бағдарламасы.

– Индустриялық-инновациялық даму бағдар­ламасы.

– «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағ­дарламасы.

– «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы.

– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға ар­налған бағдарламасы.

4. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы.

5. Тұрғын үй және әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын салу туралы.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу­шылықтарға қарсы күрес аясында қабыл­дан­ған шаралар туралы.

7. Өткен есеп беру кездесулері барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды орындау барысы туралы.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button