Жас туристер станциясы ашылды
Қарағанды қаласында 7–17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің белсенді әрі жан-жақты дамуына бағытталған Жас туристер станциясы өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта оқу топтарына қабылдау жүргізілуде.


Жоба Қарағанды облысының Білім басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.

Негізгі мақсат — өскелең ұрпақтың бойында көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру, физикалық төзімділікті арттыру және туған өлкені қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтар тәжірибелі педагогтар тарапынан бірнеше бағыт бойынша өткізіледі. Атап айтқанда: спорттық бағдарлау, туризм, шаңғы спорты, садақ ату, әскери-патриоттық даярлық, хореография және геотактика.

Оқу үдерісі тегін негізде ұйымдастырылады.
Қабылдау үшін төмендегі құжаттар қажет:
– 027/у нысанындағы медициналық анықтама;
– баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
– 3×4 көлеміндегі бір фотосурет;
– ата-анасының өтініші;
– станцияда рәсімделетін келісімшарт.

Жас туристер станциясы келесі мекенжайда орналасқан: Үлкен Михайлов кенті, Учебная көшесі, 7/1.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі



