“Жас құтқарушы”
Қала әкімдігінің қолдауымен төтенше жағдай жөніндегі бөлім, өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі, жедел құтқару бөлімшесі бірлесіп, қала мектебінің 9-10 сынып оқушылары арасында өткізген жарыс осылай аталды.
Мұндай шара өткізудегі мақсат – оқушылар арасында құтқарушы маман дығы мен салауатты өмір салтының маңызын дәріптеу сондай-ақ, өскелең ұрпақ бойында оқыс жағдайда жол табу дағдысын қалыптастыру. Жарыс үш кезең нен тұрды: кедергі қойылған жүз метрлік қашықтықтан өту, жауынгерлік жинақылық пен жедел жәрдем көрсету. Оқушылар бұл бәсекеде белсенділік танытты.
Қорытындысында №1 орта мектептің командасы жеңіске жетті, ал №2 орта мектептің 10 класс оқушысы Әбдікәрім Ергешов «Үздік жас құтқарушы» атанды. Жарысты ойдағыдай өткізуге көп жәрдем жасаған қалалық мәслихат депутаты Мұса Әбдімүтәліповке, спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұлға және қалалық аурухана директоры Нұрлан Шағыровқа ұйымдастырушылар арнайы алғыс айтты.
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»
ПРИОЗЕРСК қаласы.