Спорт

Жас спортшы халықаралық додада топ жарды

Тараз қаласында дзюдодан КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Турнирде Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылының тумасы Аяулым Қайрат 52 келі салмақта сынға түсіп, чемпион атанды.

 

Аталмыш жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан сынды мемлекеттерден кіл мықтылар жиналған. Жерлесіміз осы додада қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жас спортшы нұркендік бапкер Асхат Баймақановтың шәкірті. Қазір ол Кенжезару Қашқыновадан жеке тәлім алуда.

Айта кетейік, спортшы былтыр ел чемпионатында да жеңіске жеткен болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button