Руханият

Жас күйшілер додасы

Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайы күйші, композитор Сембек Айдосұлының 160 жылдығына орай оқушылар арасында «Күй қазына» облыстық байқауын өткізеді. Оған 9-12 және 13-17 жас санатындағы жеке орындаушылар қатыса алады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Өтінімдер 24 қазанға дейін dkg.to@mail.ru электронды мекенжайға қабылданады. Өтініммен бірге туу туралы, немесе жеке куәліктің көшірмесі болуы шарт.

Байқау 29 қазанда сағат 11:00-де Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Шарты бойынша 9-12 жастағы балалар еркін тақырыпта екі күй орындауы керек. 13-17 жастағы қатысушылар шертпе және төкпе күйлерін орындайды.

Қазылар алқасы орындау шеберлігін, сахна мәдениеті мен бейнесін бағалайды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button