Балқаш

Жарқын болашаққа – жаңа әліпбимен

Елбасымыздың 26 қазандағы Жарлығы – көптен бері қазақ елін толғандырып келе жатқан латын графикасына көшу мәселесідегі түйінді тарқатып, жаңа белестерге жол ашқандай болды.

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп ұжымы латын әліпбиіне көшуді бірауыздан қолдайды. Латын әліпбиіне көшу саясатын Елбасы бекер бастап отырған жоқ. Мұның тиімді жақтары өте көп. Жапон елі мәселен өзінің IT технологиясында және ғылым саласында латын әліпбиін екінші қаріп ретінде қолданады. Қытай елі де өздерінің иероглифтерімен қатар, осы латын әліпбиін пайдаланады.

Қазақтың латын әрпіне көшуі – халқымыздың бірлігін нығайта түседі деп білеміз. Бүгінгі заманға лайықты әліпбидің нұсқасын жасап, жүйелі түрде үлкен саяси шешіммен, жігермен іске асыратын болсақ, қазақ ұлты тіл  тұғырынан таймайды.  Мектеп ұжымында латын әліпбиін қолданудың тиімділігіне байланысты іс-шаралар өткізілді, ұстаздар мен оқушылар бірігіп, пікірталас ұйымдастырды. Латын әліпбиіне көшу – ұлттық санамыздың жаңғыруына үлкен үлесін қосады деп сенеміз.

№16 лингвистикалық

бағыттағы орта мектеп ұжымы.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button