Жаңалықтар

Жансақтау бөлімінен жалпы терапия палатасына шығарылды

Республика даңғылы, 18/2 бойынша өртенген пәтердің терезесінен құлаған 43 жастағы тұрғын жансақтау бөлімінен жалпы терапия палатасына шығарылды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда сағат 21:30 шамасында Республика даңғылы №18/2 үйдің 8 қабатынан өрт шығып, үш адам қаза болған еді. Кейін қаза тапқан отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев пен жұбайы және ағасы екені белгілі болды. Өрт полковниктің ұлының жатын бөлмесінен шыққан. Өрт шыққан уақытта балконнан секірген тұрғын есік алдында тұрған көліктің үстіне құлаған. Дәрігерлер оған кеуде қуысының жабық жарақаты, жіліншік сүйектерінің жабық сынуы диагнозын қойып, жансақтау бөліміне жатқызған болатын. Сондай-ақ, оның ішімдік ішкені анықталған.
Полицияда ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігі бойынша «Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған отпен немесе аса қауіпті өзге де көздермен абайсызда жұмыс істеу жолымен жасалған бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» қылмыстық іс қозғалды. Терезеден құлаған ер адам күдікті болып табылады.

Басқа материалдар

Back to top button