Спорт

Жанкүйерлерге автобус бар

«Шахтер» клубының бас бапкері Игорь Солошенко «Каспий» командасымен өткен тартысты ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

шахтер фк

– Эмоцияға толы, тартысты әрі қиын матч болды. Бізге бұл жеңіс өте маңызды еді. Өйткені, турнир кестесінде алға жылжу үшін екі командаға да ұпай керек. Осының үдесінен шыға білдік. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жігіттерге, жаттықтырушылар штабына, қызметкерлерге алғыс айтамын. Жанкүйерлерімізге мың алғыс, – деді бапкер.

«Шахтер» клубының инстаграмдағы парақшасында 29 шілдеде Павлодардың «Ақсу» командасымен өтетін кездесуге жанкүйерлер үшін автобус бөлінетіні туралы да хабарланғанын атап өткен жөн.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button