Жаңалықтар

Жақып мектебінің мерейі

Ұйымшыл ұстаздар ұжымының жетекшісі, жас басшы, осы салаға еңбек жолын арнаған, іскер ұйымдастырушы білім алушыларды тәрбиелеп, оқытуда еңбек етіп келе жатқан Ерқанат Ермек аз уақыт ішінде білім ошағында айтулы жаңалықтарды енгізіп үлгерді. Білім беру ұйымында 85 ұстаз, 991 білім алушыдан құралған 38 қазақ және 4 орыс сыныбы жүйелі жұмыс істейді.

Сурет автордан

Ұстаздардың барлығы – жоғары бі­лімді. Қай мекеменің болсын, бағындырар белесінің, алар асуларының ту сыртында мықты басшы, білікті мамандар тұрары хақ. Білім алушылардың оқу қабілеті мен таным-түсінігін арттырар оқулық, кітаптар мектептің материалдық базасында қам­тыл­ған. Білім ордасының міндеті – мектеп жағдайында құқықтық сананы дамыту ар­қылы жеке тұлға тәр­бие­леу.

Бұл бағытта тиісті талаптар мен нормаларға сәйкес болашақ ұрпақты жан-жақты нығайтуды қамтамасыз етеді. Білім беру үдерісінде жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы балалардың тұлғалық жетістікке жету алғышарттары қалыптасады және жоғары сапалы білім беру көзделген.

«Баланың алған білімі – кең дүние ілімі» қағидасымен келешекке қадам басуымыз қажет екендігін айтады білім беру ұйымының басшысы.

Жалпы білім беру ұйымында білім алу­шылардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Елі­­міздің ертеңі саналатын бүгінгі білім алушыларды тәрбиелі, мәдени және гигиеналық дағдыларға, ұйымдастыруға, оқу үрдісіне, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға бағыттаймыз. Биыл білім беру ұйымының жұмыс жоспарында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінуде.

2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымында жоспар бойынша дене шынықтыру бағытындағы спорт зал күрделі жөндеуден өтті. Зал білім алушылар үшін тиісті спорт құралдарымен толық жабдықталып, дене шынықтыру мұғалімдері үшін білім алушылармен сабақты тиімді де қызықты өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалғанын тілге тиек еткіміз келеді. Білім ошағында рухани тәрбие беретін, білім нәрімен сусындататын ақпарат орталығы кітапхананы заман талабына сай заманауи кітапханаға айналдыру мәселесі де мектеп басшылығымен оңды шешілді. Биылғы оқу жылында білім шаңырағы қазақтың алғаш заң магистрі Жақып Ақбаев атында болғандықтан басшының бас­тамасымен мектебімізде алғаш полиция сыныбының ашылуы ерекше маңызды жаңалық болды.

Қазіргі кадеттік сыныптар адамгершілік және мемлекеттік-патриоттық ас­пек­тілерге бағытталған. «Полиция сыныбын таңдауымыздың себебі де осындай» дейді мектеп басшысы.

Полиция сыныбының негізгі мақсаты – оқушыларды интеллектуалдық дамыту, қоғамда әлеуметтендіру, кәмелетке толмаған азаматтарды азаматтық және әскери салада Отанға қызмет етуге дайындауға негіз жасау.

Алдағы уақытта мектебіміздің биік белестерді бағындырып, облыс пен рес­публика деңгейінде танымал үздік алтын ұя ретінде көрінуіне барынша үлес қосамыз.

Гүлжанат ЖОЛДЫБЕКОВА,
Ж.Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі
ҚАРАҒАНДЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button