Жақында Мәжіліс таратылуы мүмкін

Таяуда Мәжіліс таратылуы мүмкін. Бұл туралы төменгі палата қабырғасында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz  qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың сөзінше, нормативтік-құқықтық база дайын. Тиісті заңдарға сайлауға қатысты түзетулер де енгізілді. Сондықтан осы немесе келесі аптада тиісті шешімдер қабылдануы мүмкін.

Оның үстіне Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын биылғы жылдың бірінші жартысында өткізу туралы Президент ұсынысы да бар. Еске сала кетсек, жақында бұқаралық ақпарат құралдарында 16 қаңтарда Парламент Мәжілісі таратылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

– Біріншіден, көңілім толады деп айта алмаймын. Әр шақырылымның өз міндеттері болады. Әрине көп жұмыстар атқарылды, оған ешкімнің дауы жоқ. Көптеген өзгерістерді жасап жатыр. Бірақ жұмысты әрі қарай жетілдіру керек,-дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.