Жаңалықтар

Жақында қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін Сенат отырысында 27 қаңтар күні қайтыс болған сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Гүлмира Кәрімованың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

– Конституцияның 52-бабы 5-тармағына сәйкес, Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі тоқтатылады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды. Биыл 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы палатаға депутат болып сайланған еді. Орталық сайлау комитеті Гүлмира Кәрімованы 25 қаңтарда сенатор ретінде тіркеген болатын.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button