Жақсы істер саласындағы сандық эволюция
Қарағанды құтқарушылары адамдарға көмектесу және қала тұрғындарына көмекке келу үшін барынша заманауи технологияларды пайдаланады деп жазады Profit.kz.
Технологияның дамуы адамдардың әдеттерін өзгертеді – қазіргі заманғы орташа статистикалық азамат өзінің смартфонынан алыстамайды және ғаламторда көп уақыт өткізеді. Төтенше жағдайда шұғыл қызметтерді шақырту үшін қалалық телефон нөмірін іздеуді ешкім ойына алмайды. Осыны түсіне отырып, 16 жыл бұрын құрылған Қарағанды құтқару қызметі «1355» атты бірыңғай нөмірді енгізу туралы шешім қабылдады. Оған қалалық телефоннан да, ұялы телефоннан де қоңырау шалуға болады.
Құтқару қызметінің тұрғындарға ұсынатын қызметтер көлемі өте кең – сарт еткізіп жабылған есіктерді ашу, науқастарды немесе мүгедектерді тасымалдау, апатты ағаштарды кесу және олардан мысықтарды түсіру, көлік иесінің автомобиль ішінде қалдырылған кілтін алу үшін есікті ашу, өшіп қалған көлікті тіркеп сүйреу немесе қыста мұздап қалған жағдайда жылыту, тіпті үйге кіріп кеткен жыландарды ұстау. Осымен бірге және басқа да көптеген оқиғалар бойынша қызмет клиенттері енді бір нөмірге қоңырау шала алады және олардың қоңырауы бұзылмайтынына және оператор тарапынан өңделетініне сенімді болады.
«Бұрын әр қызмет үшін ақы қарастырдық, әрбіреуі 5-6 мың теңге тұратын. Бірақ қазір біз қызметті коммуналдық төлемдер жүйесінде енгіздік. Яғни, пәтерде қанша адам тұратынына қарамастан қызметтер ақысы айына 80 теңге. Егер осы тарифтік жоспары бойынша айына бір рет комуналдық есеппен түбіртек төлейтін болса, онда біздегі бар барлық қызмет тізбегі оған тегін көрсетіледі. Демек, бұл 80 теңге сақтандыру ретінде. Кенеттен бір нәрсе бола қалса, біз тәулік бойы келуге міндеттіміз. Біз барлық қызметтерді тегін көресетеміз. Бұл зейнеткерлер үшін өте ыңғайлы. Олар 80 теңге төлейді, мысалға бізге пәтерді ашу үшін енді оларға 4-5 мың теңге іздеудің қажеті жоқ. Мемлекеттік құтқару қызметі тек адам өміріне қауіп төніп тұрған болса ғана келеді. Егер сіз кілтті сәтсіздікпен жоғалтып алсаңыз, олар сізге көмекке келмейді», – дейді «Қарағанды ТЖ құтқару қызметі» ЖШС басшысы Андрей Фридовский.
Әрбір қаладағы қоңырауларды бір оператор қабылдайды. Шымкентте күн сайын 25-35 қоңырау, Қарағандыда – 11-15 қоңырау келіп түседі. Әр бригадада үш адам бар, бір күнде екі бригададан жұмыс істейді. Әр қалаға барлығы 15-20 құтқарушы жұмылдырылған.
«Кселл» компаниясы бізге енді кез-келген телефоннан, кез-келген ұялы байланыс операторынан тегін «1355» нөмірін теру мүмкіндігін ұсынды. «Қоңырау шалу оңай, тұтынушыларға бұл ыңғайлы, олар өзгерістерді жақсы қабылдады», – дейді Андрей Фридовский.
Болашақта қоңыраулармен жұмыс істеудің функционалды мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейеді – компания өтінішті өңдеу процесін жеделдету үшін автоматты түрде абенентті анықтау, SMS және WhatsApp-пен жұмыс істеу, қоңырауларды тікелей компьютерге аударуды ойластырып жатыр.
Сөздің ретіне келер болсақ, бірыңғай қоңырау шалу нөмірі – бұл компания жаңалықтарының бірі ғана. Тағы бір маңызды бастама – бұл әлеуметтік желілерде болу. Өйткені, азаматтарды күтпеген жағдай туындаған кезде қайда баруға болатыны туралы хабардар етуі маңызды. Компания өзінің профилін Instagram парақшасында жүргізеді, онда оның жұмысы туралы статистикалармен және қоңыраулар туралы кейбір мәліметтермен толық бөліседі.