Жаңаарқада қымыз пісуден рекорд қойылмақ

Қарағанды облысында Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және қазақтың көрнекті ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы бірге тойланады. 14 қыркүйекте өтетін айтулы салтанатты шара Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіштің етегінде театрландырылған көрініспен ашылмақ.

Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе елдімекенінде жалғасады. Бағдарламада әртістердің өнер көрсетулері, ұлттық ойындар мен жарыстар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт қарастырылған. Мереке соңында отшашу атылады.

Жаңаарқалықтар мейрам ерекше есте сақталып қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену туралы шешім қабыдаған. Ауданда халық шеберлері он мың литр қымыз дайындамақ. Ерлер мен әйелдер ұлттық киімде «Жаңаарка вальсін» орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз араластырады. Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді.
Сондай-ақ, «Бауырсақ» және «Палау» фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюгемүмкіндік бар.
Осы күні Сәкен Сейфуллиннің «Жыр Сұңқары» атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.