Ресми

Жаңа техника табысты еселейді

Жақында Ақтоғай ауданы, Кежек ауылдық округіне қарас­ты «QAZAQ MEAT» ЖШС жалпы құны 138 миллион теңгеге «Агромашхолдинг» компаниясынан отандық «LOVOL» маркалы 11 доңғалақты трактор сатып алды. Өңірде трактор мен комбайн құрастырудың нәтижесінде жергілікті аграршылар үшін жоғары деңгейдегі техника қолжетімді болып отыр. Тегеурінді техника өзге аймақтарда да зор сұранысқа ие. Су жаңа техникалардың өнімділігі жоғары. Ескілері жиі істен шығып, жұмыс тоқтап қалатын дейді жұмысшылар.

Суреттерді түсірген Думан Қабыл

Бүгінде Президент тапсырмасына орай Ақтоғай ауданында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында біршама жұмыстар қолға алынған. Соның айқын бір көрінісі «QAZAQ MEAT» ЖШС директоры Бекболат Қожабаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласынан қозғалтқыш күші әр түрлі көлемдегі «LOVOL» маркалы тракторын сатып әкелді. Сонымен қатар, серіктестік егістікке, қысқы мал азығын дайындауға қажетті техникаларын жаңартқан. Айта кетейік, аталған серіктестік негізінен асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданады. 1861 жылқы, ангус тұқымды 516 ірі қара, 4 мыңдай қой малын өсіруде. Шаруашылық иелігінде 30,0 мың гектар жайлымдық және шабындық жер бар. Шаруашылық иесінің айтуынша, қолда бар мал басын қыс айларында күтіп ұстау үшін 2000 тонна ірі сабақты мал азығы мен 100 тонна құрама жем қажет. Шаруа қожалық иесі алдағы уақытта жылқы өндірісін көбейтуді мақсат етіп отыр.

– Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту – өзекті мәселе. Осыны ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығына айрықша назар аударған болатын. «Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал» деген Мемлекет басшысы ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау керек екенін жеткізді. Жаңа техника – сапалы мал азығын мезгілінде дайындаудың кепілі. «Көктемнің бір күні жылға азық» демекші, көктемгі егін егу, егіс алқаптарына тыңайт­қыштар себу, өсімдік зианкес­терімен күрес жұмыстарын, күзгі орақ науқанын уақытында іске асыруға мол мүмкіндік берді,– дейді «QAZAQ MEAT» ЖШС директоры Бекболат Қожабаев.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button